Өткен жылдың қорытындысы бойынша аудан ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіптен бастап инфрақұрылым және әлеуметтік салаға дейінгі барлық негізгі бағыттарда тұрақты өсім мен оң серпінді көрсетті.
Аудан әкімі Руслан Қатпаев өткен жылдың қорытындысын шығарып, 2026 жылға арналған негізгі жұмыс бағыттарын белгіледі.
– Өткен жыл біз үшін жүйелі даму мен стратегиялық бастамаларды іске асыру кезеңі болды. Біз ауыл шаруашылығының әлеуетін нығайтып, инвестициялық жобаларды жүзеге асыруды жалғастырдық, сондай-ақ тұрғындардың өмір сүру жағдайын жақсарттық. 2026 жылы аграрлық сектордың өнімділігін арттыруға және ауылдардағы инфрақұрылымды кеңейтуге басымдық береміз, – деді аудан басшысы.
Ауыл шаруашылығы – аудан экономикасының негізі
Ауыл шаруашылығы аудан экономикасының негізгі саласы болып қала береді. 2025 жылы жалпы өнім көлемі 52,6 млрд теңгені құрап, нақты көлем индексі 138%-ға жетті. Ірі қара мал саны 18 374 басқа дейін, шошқа – 2 425 басқа дейін, қой мен ешкі – 15 856 басқа дейін көбейді, бұл өндірістік көрсеткіштердің тұрақтылығын сақтауды айғақтайды. Сонымен қатар, сүт өндіру көлемі 11 898 тоннаға жетіп, 2024 жылмен салыстырғанда 1,6%-ға артты, ал ет өндірісі 2 105 тоннаны құрады.
Өткен жылы саланы техникалық жарақтандыруға ерекше көңіл бөлінді. «Олимп» ЖШС базасында сағатына 50 тонна қуаттылығы бар «AZAM» астық кептіру қондырғысы мен ангар үлгісіндегі қоймалар салу жобасы 250 млн теңге көлемінде жүзеге асырылды.
– Аграрлық сектордың табысы аудан экономикасына тікелей әсер ететінін түсінеміз. 2026 жылы Покров ауылдық округінде 1300 гектар аумақты қамтитын суару жүйесін салу, майлы дақылдарға арналған қойма және суармалы алқаптарға су жеткізу инфрақұрылымын дамыту жобаларын іске асыруды жоспарлап отырмыз, – деп қосты Руслан Қатпаев.
Өнеркәсіп және инвестициялар
2025 жылы ауданның өнеркәсіп саласы өсім көрсетті. Өндірілген өнім көлемі 3,4 млрд теңгені құрап, нақты көлем индексі 152,9% болды. Инвестициялық белсенділік те жоғары деңгейде сақталып, аудан экономикасына 10,4 млрд теңгеден астам қаражат тартылды.
– Тұрғын үй құрылысы саласында да оң серпін бар. Жалпы ауданы 2,9 мың шаршы метрге жуық тұрғын үй пайдалануға берілді, Денисов және Перелески ауылдарында жекелеген санаттағы азаматтарға пәтерлер сатып алынды. 2026 жылы 39 пәтерлі екі көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы аяқталып, аудан тұрғындары заманауи баспанамен қамтамасыз етіледі, – деді әкім.
Шағын және орта бизнес
Шағын және орта бизнес аудан экономикасында маңызды орын алады. 2025 жылы 769 кәсіпкерлік субъектісі тіркелсе, оның 753-і жұмыс істеп тұр.
Іске асырылған жобалардың қатарында «Шаңырақ» туристік базасының екінші кезеңінің құрылысы (6 үй мен үлкен беседка), Денисов ауылында жеке кәсіпкер «Тобақобылованың» мини-маркетінің ашылуы, сондай-ақ «ДАМУ» қорының қолдауымен «Мороз О.А» ЖК.-ның «Детский мир» дүкенінің ашылуы бар.
Бөлшек сауда көлемі 3 999 млн теңгені, ал көтерме сауда 9 802 млн теңгені құрап, тұрақты өсімді көрсетті.
– Мансап орталығы 855 адамның ішінен 617-сін жұмыспен қамтыды, ауданда тіркелген жұмыссыздық деңгейі 2,7% болды, – деді Қатпаев.
Әлеуметтік сала
Денсаулық сақтау саласында негізгі көрсеткіштер бақылауда, алайда туберкулезбен сырқаттанушылықтың өсуі және нәресте өлімінің жекелеген жағдайлары тіркеліп, алдын алу шараларын күшейтуді талап етеді. Ауданда ана өлімі тіркелген жоқ.
– Білім беру саласы қарқынды дамуда. 2025 жылы 8 мектепке, 2 балабақшаға және Шығармашылық үйіне жөндеу жұмыстары жүргізілді. Физика және робототехника кабинеттері сатып алынды, Аршалы және Зааят ауылдарындағы мектептерге блок-модульді қазандықтар орнатылды. Денисов №2 мектебінде материалдық-техникалық база толық жаңартылды: мектепалды даярлық, робототехника, STEM-зертхана, физика және химия кабинеттері 17 интерактивті панельмен жабдықталды, – деді әкім. – Денсаулық сақтау саласы да дамыды. Өткен жылы аудандық аурухананың негізгі ғимаратына жөндеу жүргізіліп, аумағы абаттандырылды және медициналық пункттерге ағымдағы жөндеу жасалды. Сонымен қатар, 142,3 млн теңгеге заманауи жабдықтар, оның ішінде дефибрилляторлар, кардиографтар, плазма еріткіш және жылжымалы рентген аппараты сатып алынды.
Инфрақұрылым және абаттандыру
2025 жылы ауданда ауқымды абаттандыру жұмыстары жүргізілді. 4 ауылда су құбырлары іске қосылып, 1272 тұрғын орталықтандырылған ауызсумен қамтамасыз етілді. Аудан жолдарының жалпы ұзындығы 551,7 км, республикалық маңызы бар жолдың 28 км-іне және кіреберіс жолдардың 13 км-іне орташа жөндеу жүргізілді.
– «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында 10 елді мекендегі 28 көше жөнделді, тротуарлар мен балалар алаңдары салынды, бос тұрған ғимараттар қайта жаңғыртылды, Фрунзенское ауылында 65 орындық жаңа балабақша ашылды, – деді Руслан Қатпаев.
Қауіпсіздік және цифрландыру
Ауданда 613 бейнебақылау камерасы орнатылды, интернетке қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін антенна-діңгек құрылысы салынды, жалпы ұзындығы 30 км болатын 30 көше жарықтандырылып, көше жарығымен қамту деңгейі 90%-дан 96%-ға дейін артты.
Еске сала кетейік, Қазақстан Республикасында 2026 жыл Цифрландыру және жасанды интеллектті дамыту жылы болып жарияланды. Денисов ауданы бұл бастаманы іске асыруға белсенді қатысуда. Жергілікті атқарушы органдар цифрлық инфрақұрылымды дамыту, қауіпсіздік жүйелерін жаңғырту және тұрғындарға заманауи қызметтер ұсыну жобаларын үйлестіруде.
Мемлекеттік органдар интернет желісін кеңейту, білім беру ұйымдары мен қоғамдық орындарда қосымша бейнебақылау камераларын орнату, тұрғындардың цифрлық сауаттылығын арттыру және онлайн қызметтерді енгізу жұмыстарын жоспарлап отыр.
– Цифрландыру мен жасанды интеллект технологияларын енгізу өмір сапасын жақсартып қана қоймай, қауіпсіздікті арттырып, мемлекеттік органдардың жұмысын ашық әрі тиімді етеді, – деп атап өтті аудан әкімі.
Экология және тұрақты даму
2025 жылы қалдықтарды бөлек жинау бойынша шаралар белсенді жүзеге асырылып, заңсыз қоқыс орындары жойылды, қатты тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау және қайта өңдеу жүргізілуде.
Айта кету керек, аудан тұрғындары «Таза Қазақстан» бағдарламасына белсенді қатысуда. 2025 жылы 12 мың тоннадан астам қоқыс жиналып, 2900 ағаш пен көшет отырғызылды, 48 сквер мен саябақ тазартылды, 24 тарихи-мәдени нысан ретке келтірілді.
– Қоршаған ортаға қамқорлық жасау – тек көшелердің тазалығы ғана емес, болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік. 2026 жылы аумақтарды абаттандыру, экологиялық сауаттылықты арттыру және жасыл инфрақұрылымды дамыту жұмыстарын жалғастырамыз, – деді әкім.
Қорытындылар мен мүмкіндіктер
Денисов ауданы өмірдің барлық саласында тұрақты дамуды көрсетуде. Экономикадағы оң серпін, әлеуметтік инфрақұрылымның өсуі, абаттандыру мен цифрландыру бағытындағы белсенді жұмыс тұрғындардың жайлы өмір сүруіне жағдай жасауда.
2026 жылға арналған негізгі міндеттер – ауыл шаруашылығының өнімділігін арттыру, агроөнеркәсіптік кешендегі инвестициялық жобаларды іске асыру, денсаулық сақтау жүйесін нығайту, білім беру мен спорт инфрақұрылымын кеңейту, сондай-ақ елді мекендерді одан әрі абаттандыру.
– Әрбір жетістік – билік органдарының, бизнестің және аудан тұрғындарының бірлескен еңбегінің нәтижесі. Халықтың белсенді қатысуымен Денисов ауданы алға жылжып, өңірдің экономикалық, әлеуметтік және экологиялық картасында өз позициясын нығайта беретініне сенімдіміз, – деп қорытындылады Руслан Қатпаев.
Әсем БАЙКАНОВА
В Узункольском районе продолжается интенсивная подготовка к весеннему паводку (далее…)
Қыстың қаһары қайтпай тұр. Өткен демалыс күндері жалпы облыс аумағында ауа райы құбылып, жолдар жабылды.…
Она была организованная Молодежным ресурсным центром совместно с волонтерами школы-гимназии имени С.Баймагамбетова. (далее…)
Казахстанская сборная стала победителем главного турнира UAE SWAT CHALLENGE-2026 в Дубае. (далее…)
Хоккейная команда «AqQala» заняла почётное 2 место в розыгрыше «Малого финала» КМ лиги по хоккею с…
Компания МТ-С, оператор брендов Tele2 и Altel, подписала с акиматом Костанайской области меморандум о стратегическом…
This website uses cookies.