Денисов ауданына Мәжіліс Төрағасының орынбасары келді

ҚР Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары Альберт Рау жұмыс сапарымен Денисов ауданына келді.

Мәжіліс Төрағасының орынбасары алдымен Перелески ауылында салынып жатқан жаңа дәрігерлік амбулаторияның құрылысын тексерді. Альберт Рау құрылыс жұмыстарын сапалы  жүргізіп, нысанды мерзімінен кешіктірмей пайдалануға беру қажеттігін еске салды.

Аталған дәрігерлік амбулатория аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің тапсырысы негізінде салынуда. Мердігері «КАРГЕН-СЕРВИС 2006» ЖШС. Қазіргі уақытта амбулаторияның негізі салынып, қабырғасы қалануда. Ғимарат іске қосылса ауылдық жердегі медициналық қызметтің қолжетімділігі одан әрі арта түспек.

Мәжіліс өкілі құрылыс барысымен танысқан соң «AMANAT» партиясының Денисов аудандық филиалында жергілікті аграрлармен кездесті. Ашық форматтағы жүздесуде агроөнеркәсіптік кешеннің өзекті мәселелері, мемлекеттік қолдау шаралары мен алдағы ауыл шаруашылық маусымына арналған жоспарлар талқыланды.

Қымбат ДОСЖАНОВА

Суреттер «AMANAT» партиясының ҚОФ инстаграм парақшасынан алынды.

Редактор

Поделиться
Опубликовал
Редактор

Недавние новости

Для паводковых мероприятий из местного бюджета Мендыкаринского района в 2026 году выделено около пяти миллионов тенге

Спасатели района уверены: заблаговременная подготовка - ключ к успешному противостоянию стихии. (далее…)

47 минут назад

Арқалыққа басымдық

Биыл Арқалық қаласының құрылғанына 70 жыл толуына орай облыс бюджеті қайта қаралып, қомақты қаржы шаһарды…

4 часа назад

Торғайда кілем тоқуды серігіне айналдырған Қарлығаш апа

Торғай топырағында ұлттық өнердің тамырын тереңге жайып, оны бүгінгі ұрпаққа аман жеткізіп отырған аяулы жандар…

5 часов назад

Учитель начальных классов Раздольной ООШ Наурзумского района Юлия Мартынова прошла непростой педагогический путь длиной в 35 лет

Несмотря на определенные трудности в сельской школе в виде отсутствия современных технологий и возможностей,  Юлие Николаевне хочется, чтобы…

20 часов назад

Ақынын әкімі ардақтаған ел бақытты

Жерлесіміз Серік Тұрғынбекұлы – 80 жаста! (далее…)

22 часа назад

This website uses cookies.