
Денисов ауданында ауыл мұғалімі ерекше жобаны іске асыруда
Денисов ауданы Гришен ауылының тұрғыны Степан Галкин екі жылдан бері жерлестеріне ерекше тосын сый жасауды дәстүрге айналдырған.
Ол ауыл балаларына, тіпті ересектерге де тәтті сыйлық дайындап, Жаңа жыл мерекесінде таратады. Игі іске «Жаңажылдық таңғажайып» деген атау беріп, жобаны жылдан жылға жалғастыруда.

Биылғы Жаңа жыл қарсаңында Гришен тұрғындары тағы да таңғажайып сәтке куә болды. Ауыл мұғалімінің бастамасын отбасы мүшелері түгел қолдай жөнелген. Бәрі бірлесе балаларға арналған базарлықты жинақтап, мереке қарсаңында таратыпты. Степан Галкин Аяз ата бейнесінде киініп алып, жерлестерін қуантып, көпшіліктің алғысын алды.

«Мінекей, екі жылдан бері бұл жоба ауылдың үлкендері мен балаларын қуантуда. Оған қанша қаражат немесе қанша уақыт кеткені маңызды емес. Ең бастысы – көпшіліктің көңіл күйі. «Бұл саған не үшін керек?» деп меннен сұрағанда нақты жауап бере алмаймын. Білмеймін. Бұл сезімді сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Оны іштей сезіну керек. Жобаны қолдаған баршаңызға рахмет. Әсіресе, сыйлықтарды әзірлеуге көмектескен отбасыма алғыс айтамын»,-дейді Степан.
Қымбат ДОСЖАНОВА
Суреттерді кейіпкер жолдады
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31