Денисов ауданында ауыл мұғалімі ерекше жобаны іске асыруда

Денисов ауданы Гришен ауылының тұрғыны Степан Галкин екі жылдан бері жерлестеріне ерекше тосын сый жасауды дәстүрге айналдырған.

Ол ауыл балаларына, тіпті ересектерге де тәтті сыйлық дайындап,  Жаңа жыл мерекесінде таратады. Игі іске «Жаңажылдық таңғажайып» деген атау беріп, жобаны жылдан жылға жалғастыруда.

Биылғы Жаңа жыл қарсаңында Гришен тұрғындары тағы да таңғажайып сәтке куә болды. Ауыл мұғалімінің бастамасын отбасы мүшелері түгел қолдай жөнелген. Бәрі бірлесе балаларға арналған базарлықты жинақтап, мереке қарсаңында таратыпты. Степан Галкин Аяз ата бейнесінде киініп алып, жерлестерін қуантып, көпшіліктің алғысын алды.

«Мінекей, екі жылдан бері бұл жоба ауылдың үлкендері мен балаларын қуантуда. Оған қанша қаражат немесе қанша уақыт кеткені маңызды емес. Ең бастысы – көпшіліктің көңіл күйі. «Бұл саған не үшін керек?» деп меннен сұрағанда нақты жауап бере алмаймын. Білмеймін. Бұл сезімді сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Оны іштей сезіну керек. Жобаны қолдаған баршаңызға рахмет. Әсіресе, сыйлықтарды әзірлеуге көмектескен  отбасыма алғыс айтамын»,-дейді Степан.

Қымбат ДОСЖАНОВА

Суреттерді кейіпкер жолдады 

Редактор

Поделиться
Опубликовал
Редактор

Недавние новости

«Караван правовой помощи» продолжает выезды по Костанайской области

Очередной выезд «Каравана правовой помощи» состоялся в Аркалыкский, Джангельдинский и Амангельдинский районы. Специалисты несколько на…

13 часов назад

Почти 800 млн тенге вложили в переработку отходов в Рудном

В 2025 году в Рудном реализовали два инвестиционных проекта по сортировке и переработке отходов. (далее…)

16 часов назад

Торғайдың талай тарланын түлеткен Тәуіште жаңа спорт кешені ашылды

Жангелдин ауданының Жаркөл ауылдық округіне қарасты Тәуіш ауылында жаңа спорт-сауықтыру кешені ашылды. (далее…)

1 день назад

Қарасулық бастауыш кәсіподақ ұйымы үздіктер қатарында

Қазақстанда жыл сайын 10-қазанда кәсіподақтар күнін атап өтеді. (далее…)

2 дня назад

«Торғай қызы» әніне арқау болған Күнжамила Есекейқызы – 90 жаста

Жангелдин ауданында елге сыйлы ардақты ана, «Торғай қызы» әніне арқау болған Күнжамила Есекейқызының 90 жылдық…

2 дня назад

This website uses cookies.