Ауданға қарасты Приречен ауылындағы хоккей кортында ескірген жарық шамдардың орнына жаңасын орнатты.
Бұл жұмыс «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясының шеңберінде жүргізілді. Оған «Приреченское» ЖШС қаражаты жұмсалды.
Таяуда корттағы барлық жеті шам заманауи үлгідегі жаңа жарықдиодты шамдарға (LED) ауыстырылды. Сондайақ, жарықтандыру желілері де жаңарды. Осы аталған жұмыстарға шамамен екі жүз жиырма мың теңгеге жуық қаражат жұмсалыпты.
Приречен ауылдық округінің әкімі Владимир Борисовтың айтуынша, биыл көшелердің шамдарын жаңартуға басымдық беріліп отыр.
Биыл Приречен және Окраинка ауылдарында көшедегі ескі шамдарды жаңа жарықдиодты шамдарға (LED) жаппай ауыстырамыз. Осы мақсат үшін бюджеттен Приречен ауылына 8,2 млн теңге, Окраинка ауылына бес млн теңгедей қаражат бағытталмақ. Жаңа жарықдиодты шамдардың ескіден артықшылығы мол. Біріншіден, ескі шамдар электр қуатын тым көп тұтынады. Екіншіден, жанып кетсе қайта қалпына келмейді. Ал, заманауи үлгідегі LED шамдар әлдеқайда жарқырап тұрады, ұзаққа жарамды және электр қуатын аз жұмсайды. Сондықтан, ескіні үнемді шамдарға ауыстырудамыз, деді Владимир Борисов.
Аталған екі ауылдың көшелерінде қазіргі күні елу үш жарық шамы бар. Биыл сол ескі шамдар жаңа жарықдиодты шамдарға ауысып, көшелер одан әрі жарқырай түспек. Ал ескірген шамдар қайта өңдеуге жіберіледі. Қазіргі күні тендер ойнатылған жоқ. Сол себепті бұл жұмыстармен қандай ұйымның айналысатыны әзірге белгісіз. Ауыл көшелерінің шамдарын жаңартумен кімнің айналысатыны жылдың екінші тоқсанында нақты анықталмақ.
Приречен және Окраинка ауылдарында көшелерді жарықтандыру жұмыстары күн тәртібінен түскен емес. Бүгінде көшелер жарқырап тұрғанымен, үнемді шамдарды тұтыну туралы да естен шығармаған жөн. Сондықтан, жауапты мамандар электр қуатын тиімді пайдалануды ескеру керегін айтуда.
Қымбат ДОСЖАНОВА
Акимат области утвердил территории, на которых разрешат самостоятельно добывать драгоценные металлы. (далее…)
В районном доме культуры состоялся Форум, где подвели итоги конкурса короткометражных роликов по профилактике…
Волонтеры ОФ «Жанашыр бол» совместно с полицейскими Костанайского района 21 сентября встретились с учащимися школы-гимназии.…
В школе-гимназии для учащихся 8-11 классов прошел психологический семинар «Границы безопасности: семья, зависимость и сила…
Қамысты ауданында бұқаралық спортты дамытуға және тұрғындарды салауатты өмір салтына тартуға басымдық беріліп келеді. (далее…)
В Наурзумском районе проблема безнадзорного и бродячего скота особенно актуальна в период сезонного выпаса. …
This website uses cookies.