Денисов ауданында интернет алаяқтығы азайды
Денисов ауданында биыл интернет алаяқтарына алдану фактілері былтырғыдан азайған. Бұл туралы аудандық полиция бөлімі хабарлады
Осы жылдың сегіз айының қорытындысында Денисов аудандық полиция бөлімінде интернет алаяқтығына қатысты 11 дерек тіркеліпті. Ал былтыр 14 жағдай анықталған-ды. Құзырлы органдардың бірлескен іс-қимылы мен тұрақты профилактикалық жұмыстардың нәтижесінде киберқылмыс деңгейі біртіндеп азаю үстінде.

2026 жылы интернет алаяқтығына қатысты азаматтардың жалпы қаржылық шығыны – 38 678 581 теңгені құрады. 2025 жылы – 50 555 118 теңгеге жеткен.
– Онлайн алаяқтықты азайту және қаржылық шығындардың алдын алу мақсатында полиция қызметкерлері халық арасында кең көлемді ақпараттандыру және түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Адамдар көп жиналатын орындарда, дүкендерде, ұйымдар мен мекемелерде, сондай-ақ тұрғын үйлерді аралау арқылы сақтану шараларын хабарлауда. Біздің қызметкерлер ауылдық округтерге барып, әрбір тұрғынға интернет-алаяқтықтың түрлері мен оларды жасау тәсілдері туралы буклеттер ұсынуда. Патрульдік көліктер аудан орталығының көшелерінде және көпшілік жиналатын жерлерде дауыс зорайтқыш жүйелері арқылы алдын алу сипатындағы аудиохабарламаларды таратады»,-деп толықтырды Қылмыстық полиция бөлімшесінің жедел уәкілі, полиция капитаны Таймас Астаев.

Сондай-ақ әлеуметтік желілердегі күмәнді сілтемелер де назарда. Осы бағыттағы заңсыздықтарды анықтау үшін «Кибернадзор» жүйесі арқылы әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізілуде.
Қымбат ДОСЖАНОВА
Суреттер аудандық полиция бөлімінен алынды
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31