Кеше қатысушыларды күтіп алып, орналастыру жұмыстары жүрді.
Одан кейін жеңіл атлетика, ерлер мен әйелдер арасында жүгіруден іріктеу кезең өтті. Бүгін XXXVIII облыстық спартакиадасы салтанатты түрде ашылады. Концерттік бағдарлама Денисов ауданының орталығындағы «Автомобилист» стадионында болады.
Жазғы спартакиада биыл спорттың 18 түрі бойынша ұйымдастырылады. Олардың қатарында бәйге, асық ату, аударыспақ сияқты ұлттық ойындар бар. Былтырдан бері спартакиада бағдарламасына олимпиадалық спорт түрі – велоспорт қосылды. Қатысушылар топтық және жеке жарыстарда бақ сынайды. Сондай-ақ еркін күрес, әйелдер күресі және грек-рим күресі, қазақ күрес, түйе палуан, дзюдо, баскетбол, волейбол, футбол, асық ату, велоспорт, көкпар, аударыспақ, бәйге, бес асық сайыстары жоспарланған.
Спартакиаданың қорытынды іс-шарасына еліміздің үздік эстрада жұлдыздары қатыспақ. Мысалы, Ұланғасыр Қами, Мархаба Сәби, Darrem, LIILI, Kresh Musiq сияқты өнер иелері. Аудан тұрғындары мен меймандарының назарына театрландырылған шоу қойылымы ұсынылады.
Қостанай облысының «Тың-Целина» жазғы спартакиадасы 1986 жылдан бері ұйымдастырылуда. Оған облыстың барлық аудан-қалаларының үздік спортшылар қатысады. Былтыр Қарабалық ауданында өткенін еске саламыз. Биылғы, 38-ші спартакиада Денисов топырағында жалауын көтерді.
Қымбат ДОСЖАНОВА
Автор фото Асем Байканова
Этот обряд песнопения, который проводится во время священного месяца Рамадан, творческие коллективы районного Дома культуры…
Восьмиклассница Амели Ермагамбетова уверенно обошла более взрослых и опытных спортсменок, участвующих в чемпионате. (далее…)
Президент Касым-Жомарт Токаев ознакомился с результатами экзит-полла, проведенного в ходе республиканского референдума, сообщается в Telegram-канале Акорды.…
Спортсмены, неся надежду своих районов, подошли к турниру с всесторонней подготовкой. (далее…)
Саяси науқанның қорытынды сәті: №870 референдум учаскесінде санақ жүргізілді. (далее…)
101-летняя жительница Сарыколя Августа Дубровец сделала свой выбор на Общенациональном референдуме по принятию новой Конституции…
This website uses cookies.