Денисов ауданында Қостанай облысының “Тың-Целина» жазғы спартакиадасы басталды

Кеше қатысушыларды күтіп алып, орналастыру жұмыстары жүрді.

Одан кейін жеңіл атлетика, ерлер мен әйелдер арасында жүгіруден іріктеу кезең өтті. Бүгін XXXVIII облыстық спартакиадасы салтанатты түрде ашылады. Концерттік бағдарлама Денисов ауданының орталығындағы «Автомобилист» стадионында болады.

Жазғы спартакиада биыл спорттың 18 түрі бойынша ұйымдастырылады. Олардың қатарында бәйге, асық ату, аударыспақ сияқты ұлттық ойындар бар. Былтырдан бері спартакиада бағдарламасына олимпиадалық спорт түрі – велоспорт қосылды. Қатысушылар топтық және жеке жарыстарда бақ сынайды. Сондай-ақ еркін күрес, әйелдер күресі және грек-рим күресі, қазақ күрес, түйе палуан, дзюдо, баскетбол, волейбол, футбол, асық ату, велоспорт, көкпар, аударыспақ, бәйге, бес асық сайыстары жоспарланған.

Спартакиаданың қорытынды іс-шарасына еліміздің үздік эстрада жұлдыздары қатыспақ. Мысалы, Ұланғасыр Қами, Мархаба Сәби, Darrem, LIILI, Kresh Musiq сияқты өнер иелері. Аудан тұрғындары мен меймандарының назарына театрландырылған шоу қойылымы ұсынылады.

Қостанай облысының «Тың-Целина» жазғы спартакиадасы 1986 жылдан бері ұйымдастырылуда. Оған облыстың барлық аудан-қалаларының үздік спортшылар қатысады. Былтыр Қарабалық ауданында өткенін еске саламыз. Биылғы, 38-ші спартакиада Денисов топырағында жалауын көтерді.

Қымбат ДОСЖАНОВА

Автор фото Асем Байканова

Редактор

Поделиться
Опубликовал
Редактор

Недавние новости

Лидеры школьного парламента Докучаевской ООШ Наурзумского района приняли участие в областном форуме

20 октября 2026 года на базе Заречной общеобразовательной школы Костанайского района состоялся областной форум лидеров…

4 часа назад

Денисовтың Қырым ауылында бір отбасы иесіз жерді шағын баққа айналдырды

Қырым ауылының тұрғыны – Старицындер отбасы қайырымдылық жасауға асық тұратын жандар. Айналаны көгалдандырып, қоғам игілігіне…

22 часа назад

Творческий заряд получила труппа Костанайского областного казахского драматического театра на гастролях в Туркестане

Не успели, как говорится, отгреметь фанфары по поводу поездки в Пакистан, а уже новые, яркие…

22 часа назад

В Денисовской районной больнице продолжается вакцинация против гриппа

Жители района могут в любой момент обезопасить себя и своих близких, пройдя бесплатную вакцинацию против…

24 часа назад

Карасуские школьники уже сейчас стараются разбираться в непростом мире финансов

Завершился первый этап республиканской олимпиады по финансовой грамотности. (далее…)

1 день назад

This website uses cookies.