Аудандық мәдениет үйі биылдан бастап балаларға «Менің атым Қожа» және өзге де отандық, тарихи фильмдерді насихаттау жұмыстарын бастап кетті.
Бұған дейін мәдениет үйінің көрермендер залында ауыл балаларына түрлі голливудтық мультфильмдер топтамасы тегін көрсетілді. Соның ішінде, қазақ тілінде дубляж жасалған «Моана» анимациялық фильмі кішкентай көрермендерге ерекше әсер сыйлаған еді.
Денисов аудандық мәдениет үйіндегі бұл әдемі дәстүр бірнеше жыл бұрын басталған. Мақсат балаларға мәдени демалыс сыйлау әрі отандық кино туындыларды насихаттау. Шалғайдағы ауылдарда қаладағыдай кинотеатр жоқ. Осы олқылықтың орнын толтыру үшін мәдениет үйінің үлкен көрермендер залына арнайы LEDэкран орнатылған. Сол жерде қазақстандық кинотуындылармен қатар голливудтық «Дикий робот», «Эверест», «Супер санта», «Моана» сияқты үздік картиналар ұсынылды.
Бұрын ауыл жастарына кино көрсететінбіз. Бірнеше жылдан бері балалардың назарына мультфильм ұсынуды жөн көрдік. Биылдан бастап өзіміздің қазақстандық кинотуындыларды, соның ішінде тарихи фильмдерді насихаттамақпыз. Мультфильмдер аптасына бір рет, әр жұма сайын көрсетіледі. Кіру тегін. Ешқандай ақысыз. Көрсетілім туралы мәдениет үйінің инстаграмдағы парақшасы арқылы хабарлап отырамыз. Балалар келеді,деді Денисов аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Нағима Хасанова.
Қымбат ДОСЖАНОВА
Суретте : мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Нағима Хасанова.
Суретті түсірген Абиль Дощанов.
Учительница русского языка и литературы из Рудного Татьяна Кузнецова занимает третью строчку в категории «Читающий…
Об этом аким Сарыкольского района Марат Шымырбеков рассказал и поблагодарил бизнесменов во время аппаратного совещания…
На территории бывшего пионерского лагеря планируют создать современный круглогодичный центр отдыха для детей и семейного…
В Узункольском районе проблем с природными источниками не было - озёр много и, как говорят…
В Астане наградили победителей Национального конкурса «Мерейлі отбасы-2026». (далее…)
В районной больнице появились современные аппараты, которые помогают пациентам восстанавливать подвижность рук и ног после…
This website uses cookies.