Денисов ауданындағы балықшы қыз қызықты оқиғалармен бөлісті

Анастасия Котова «су маржанын» аулаумен төрт жылдан бері айналысады. 37 жастағы балықшы жергілікті дүкенде сатушы болып жұмыс істейді.

Уақытының көбі сол дүкенде өтеді. Қолы қалт ете қалса балық аулауға асығады. Оның соңғы төрт жылда тапқан ермегі бұл.

­ Күндердің бір күнінде «балық аулап көрейінші» деген ой келді. Аудан орталығындағы «Рыболов» деген дүкеннен қажетті құрал­жарақтарды алдым. Өйткені, ондағы сатушылар балық аулауды жаңадан үйреніп жүрген адамдарға бағыт­бағдар беріп, таңдау жасауға кеңес береді. Құрал­сайманымды сайлап алған соң, балыққа тартып отырдым. Табиғат аясындағы тыныштық маған ұнап қалды. Кейін бұл менің сүйікті ісіме айналды. Осылайша, балықшы болып шыға келдім,­дейді Анастасия Котова.

Балықшы десе бірден ер адамның бейнесі көз алдымызға келетіні рас. Анастасия туралы естігенде сәл таңырқағанымыз да содан. Алайда, нәзік жандылар қатардан қалмай, кез келген істі ұршықша иіріп әкететініні ақиқат. Ерлерден қалыспай еңбектеніп жүрген кейіпкеріміздің ептілігіне қайран қаласың.

Анастасия Котова әңгіме барысында балық аулау сәтінде бастан кешкен ерекше және қызықты сәттерді еске алды. Бірде қысты күні балық аулап отырғанда мұздың жарыла бастаған дыбысын естиді. Сол кезде зәресі зәр түбіне кетердей қорыққан. Қуанышқа орай, жазатайым жағдай болған жоқ, балықшымыз дін аман. Алайда, бұл оқиға оған сабақ болыпты. «Сақтықта қорлық жоқ» демекші, ендігі жерде құмарлықтан гөрі қауіпсіздікті бірінші орынға қоятын болған. Кез келген істің қызығы мен шыжығы қатар жүрмей ме?! Енді бірде қармағына кәдімгідей үлкен көксерке түседі. Осылайша, күтпеген жерден олжалы болыпты.

­ Біздегі өзен­көлдерден шортан, көксерке, алабұға, қарақұйрық, қаракөк, мөңке, тұқы сияқты балық түрлерін кездестіруге болады.  Шортан, көксерке, алабұға сияқты көпшілікке белгілі түрлері де бар. Мен өзі қысы­жазы аулаймын. Балыққа қармақ, спиннинг қолданамын. Табиғаттың бізге берген сыйы қаншама. Таза ауа, ну орман, өзен­көл, соның бәрі адамды рахатқа бөлейді. Оны сезіне білу қажет. Мен табиғатты аялаймын, балық аулауға асқан жауапкершілікпен қараймын. Қармаққа түскен ұсақ балықтарды суға қайта ағызып  жіберіп, үлкендерін ғана тұтынамын. Негізінде, мен үшін табиғат аясында демалу, тылсым құбылысты тамашалау маңызды,­деді Анастасия.

Кейіпкеріміздің сөзінің жаны бар. Балық аулау осы екен деп қармаққа түскеннің бәрін қылғыта беруге болмас. Жас балықтардың өсіп­өнуіне мүмкіндік берген жөн.

Қымбат ДОСЖАНОВА

Сурет кейіпкеріміздің жеке мұрағатынан алынды.

Редактор

Поделиться
Опубликовал
Редактор

Недавние новости

За полгода в Костанайском районе в пять раз вырос объем строительных работ

Инвестиции увеличились на 29%, а ввод жилья — в два раза. (далее…)

1 час назад

На покос травы в Боровском из местного бюджета впервые выделили 2 млн тенге

Об этом рассказал аким села Боровское Жасулан Турагулов. (далее…)

1 час назад

Қамысты ауданы: Бақшаны баққа айналдырған

Арқа ауылының тұрғыны ауласын ертегі әлеміне қалай айналдырды? (далее…)

2 часа назад

В Костанайской области с начала пожароопасного сезона произошло 43 лесных пожара

Количество возгораний выросло, однако их общая площадь сократилась почти на 93%. (далее…)

3 часа назад

Денисов ауданының жастары өлке тарихы мен табиғатын зерттеуге ынталы

Денисов ауданында өлке табиғатын, көрікті жерлерін жас ұрпаққа таныстыру мақсатында «Юный турист» үйірмесі жұмыс істейді.…

5 часов назад

This website uses cookies.