Денисов ауданындағы көкпаршылар дайындықтарын пысықтады

Ауданымыздағы Покрок ауылдық округіне қарасты Досов ауылының көкпаршылары әз-Наурыз мейрамында өнер көрсетпек. Шабандоздар 28-наурызда болатын көкпардан Қостанай облысының чемпионатына да қатысады.

Аталған іс-шаралар қарсаңында көкпаршылар дайындықтарын бір пысықтап, жаттығу ойынын өткізді. Досов ауылының жігіттеріне көкпар таңсық емес. Ертеден ойнайды. Мұндағы көкпар командасы сонау 2001 жылдардың басында жасақталған. Ауылдың Есімжан, Ермек және Досыжан есімді үш жігіті алғашқы команданы құрып, жастарды көкпар ойнауға жұмылдырды. Ағайынды Мұстафиндердің бастамасы кең қолдауға ие болып, бозбалалардан бастап жігіт ағасына дейін көкпарға қызыға түседі.

-Мен 8 жасымнан атқа шауып, бәйгеге қатыстым. Әр қазақтың баласы жылқы десе жанын бермей ме! Кейін ер жетіп, бой түзеп, әскерге аттандық. Отан алдындағы азаматтық борышымды өткен келген жылы аудан орталығында спартакиада өтті. Дүбірлі додаға барып, көрермен болдым. Сол жерде аламан бәйге мен көкпар сайысына куә болып, өзім де қатысқым келді. Ауылға келген соң көкпар естен шықсашы. Содан өзім қатарлы жастарды жинап алып, көкпар ойнауға шақырдым. Бәрі қолдады, бір ауыздан келісті. Әп сәтте командамыз жасақталып шыға келді,-деді көкпар командасының жаттықтырушысы Ермек Мұстафин.

Бір жылдың ішінде ағайынды Мұстафиндердің бастамасымен көкпар командасы құрылып, толық құрам жасақталады. 2002 жылы  аудандық спартакиадаға қатысады. Жас көкпаршылар алғашқы жылдары ойынның қыр-сырын, тәртібін, ережесін жөнді білмейтін. Ордалы ойында оза шауып, жеңіске жету үшін тәжірибе жинау керек болды. 2005 жылы Аманкелді ауданында өткен облыстық спартакиадаға барып, бақ сынайды. Сол жерде торғайлық жастардың ойын өрнегін көріп, көп тәжірибе алыпты. Біздің жігіттер көрген-білген, түйген ойларын елеп, екшелей келе ойыншылардың жарыс формасынан бастап түзеп, ойнау ережесіне дейін толықтай меңгеріп алады.

Досов ауылындағы көкпар командасында он екі адам бар. Сегіз жігіт Досов ауылынан, қалғаны көршілес Жалтыркөл ауылынан келіп қосылған. Команда капитаны Дидар Мұстафин. Жаттықтырушысы Ермек Мұстафин. Командада ең кішісі 22 жастағы Нұрлан деген бала. Одан кейін 2001, 1987, 1996, 1978 жылғы азаматтар. Шабандоздар қыста жаттығу жасап, көктем келісімен жарыстарға қатысады. Биыл қыс жылы болды. Сондықтан жетісіне бір рет жиналып, дайындалыпты. Соңғы рет 14-наурызда жаттығу ойынын өткізді. Ауыл сыртында көкпарға арналған арнайы алаңқай бар. Сол жерде дайындалады. Жылқылар да нағыз бабында тұр. Көкпарға Досов ауылындағы тұқымы аралас жергілікті жылқыларды мінеді.

Біздің шабандоз жігіттердің жетістіктері де баршылық. Былтыр Қарабалықта өткен облыстық спартакиадада ауданымыздың намысын қорғап, екінші орын алды. Сол кезде көкпарға барлығы он екі команда қатысқан еді. Он екі топтың ішінен екінші орын алу деген өте тамаша нәтиже. Сол жеңістің бастауында еңбек пен ерік-жігер тұр.

Қымбат ДОСЖАНОВА

Суретті ұсынған Ермек Мұстафин.

Редактор

Поделиться
Опубликовал
Редактор

Недавние новости

Труженица тыла Вера Борисенко из Камыстинского района прошла испытания тяжелыми годами войны

 В селе Камысты живет Вера Борисенко, одна из тех, чьё детство было безжалостно прервано…

1 день назад

Военно-патриотический клуб «Арлан» Мендыкаринского района примет участие в областном финале военно-спортивной игры «Жас ұлан»

Это событие станет важным этапом в жизни клуба и возможностью продемонстрировать результаты многолетней работы. (далее…)

1 день назад

Камыстинские волейболисты победили на турнире в Актюбинской области

Турнир, посвященный воину-интернационалисту войны в Афганистане Кожабеку Колданову, прошел 7 мая в Айтекебийском районе. В…

2 дня назад

Қамыстыдан шыққан қайсар жан ардагер Әбілқайыр Борамбаевты ұрпағы мақтан тұтады

Соғыс жылдарының ауыртпалығын көтеріп, бейбіт күннің берекесін еңбегімен еселеген жандар – кейінгі ұрпақ үшін өшпес…

2 дня назад

Қамыстыда тұрғын үй құрылысы қарқын алды

48 пәтерлік екі тұрғын үйді пайдалануға беріледі. (далее…)

3 дня назад

This website uses cookies.