Денисов ауданында «Жастар тәжірибесі» бағдарламасына өтінімдер қабылдануда

Аудандық Мансап орталығының хабарлауынша, жыл басынан бері 12 адам «Жастар тәжірибесі» мемлекеттік бағдарламасы арқылы жұмыспен қамтылыпты.

Бұл көрсеткішті жыл соңына дейін 20 адамға жеткізу жоспарлануда.

Аталған бағдарлама екі қолға бір күрек таба алмай сенделген жастарға зор мүмкіндік сыйлайды. «Жастар тәжірибесін» уақытша еңбек ету алаңы десек те, жас маманның қызметіне машықтануына жол ашады. Алғашқы еңбек тәжірибесін жинауға көмегін береді. Қазіргі күні Денисов аудандық Мансап орталығында мемлекеттік бағдарламаға өнімдер қабылдау жүріп жатыр. Қатысуға ниет білдірушілер 2-20-56 байланыс нөміріне хабарласып, көкейдегі сауалға жауап алуға болады.

Бүгінде Денисов ауданындағы ұйымдарда бухгалтер, заңгер, трактор жүргізушісі, аспаз сияқты мамандарға сұраныс жоғары. Аталған кәсіпті меңгеріп, сол бағытта еңбек етемін десеңіз «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы сіз үшін таптырмас қолдау.  Өңірдегі жұмыс берушілер де жас мамандарды қызметке қабылдауға ниет білдіріп отыр.

«Жастар арасында жұмыссыздықты жою, оларға қолдау көрсету – мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарының бірі. Білім алуды енді аяқтаған жастарға тәжірибе ауадай қажет. «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы арқылы білім-білік жинауға мүмкіндік мол. Әрбір жас түлек өзінің қарым-қабілетін шыңдауына болады. Ол үшін Денисов аудандық Мансап орталығына келіңіздер» деп хабарлады жауапты маман.

Суреттегі Алихан Цицкиев «Жастар тәжірибесі» бағдарламасының белсенді қатысушысы. Ол аспаз мамандығын меңгерген. Мемлекеттік бағдарламаның арқасында жергілікті дәмханада алғашқы еңбек жолын бастауда.

Қымбат ДОСЖАНОВА

Суретте: жас маман Алихан Цицкиев

Сурет кейіпкеріміздің мұрағатынан алынды.

Редактор

Поделиться
Опубликовал
Редактор

Недавние новости

Қайырымды кәсіпкер Қамысты жұртына мерекелік тарту жасады

Елдің ықыласына бөленген игі істер – қоғамдағы адамгершілік пен жанашырлықтың жарқын көрінісі. (далее…)

1 день назад

5-летний мальчик погиб в Костанайской области

Подозреваемого уже задержали, об этом сообщает "Тоболинфо" (далее…)

1 день назад

«Школа осознанного материнства» В Аулиекольской школе имени Сьянова состоялась встреча с родителями

Как лучше понимать своего ребенка, поддерживать его в период взросления и выстраивать отношения, основанные на…

1 день назад

Уроженец Свердловки больше двадцати лет охраняет государственную границу на родной земле

Обеспечение надежной охраны государственной границы и укрепление пограничной безопасности всегда остаются в числе ключевых приоритетов…

2 дня назад

В Камыстинском районе определили победителей конкурса видеороликов «Таза Қазақстан»

В Камыстинском районе подвели итоги конкурса видеороликов и короткометражных фильмов на тему «Таза Қазақстан». Всего…

2 дня назад

This website uses cookies.