Кэтрин Майер мемлекеттік тілді жетік меңгерген неміс қызы.
Ол №3 Денисов жалпы білім беретін мектебінің 11-сыныбында оқиды. Қазақша таза сөйлейтін Кэтрин Қостанай қаласында өтіп жатқан республикалық форумға қатысуда. Қазақстан халқы Ассамблеясы ұйымдастырған форум «Ұлы даланың ұлтаралық тілі» деп аталды.
Іс-шараның пленатрлық отырысына ҚР Парламенті Сенатының депутаты Генадий Шиповских, Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесі төрағасының орынбасары, синхронды аударма саласының негізін қалаушы Камал Әлпейісова, Қостанай облысы әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов қатысты. Сондай-ақ еліміздің басқа да облыстары мен қалаларынан көптеген делегаттар келді. Денисов ауданының атынан Кэтрин Майер бар.
Басқосуда этносаралық келісімді нығайту және мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту мақсатында жүзеге асып жатқан жобалар туралы айтылды. Қазақстан халқы Қостанай облыстық Ассамблеясының атқарып жатқан жұмысына шолу жасалды. Бұл форумның мақсаты – мемлекеттік тілдің аясын кеңейту және этносаралық келісімді нығайту.
Ауданымыздың мақтанышы Кэтрин Майер мемлекеттік тілді шебер меңгерген үлгілі оқушы. Ол қазақ тіліне деген алғашқы қадамын мемлекеттік тілдегі шағын орталықтан бастаған. Бүгінде қара шаңырақ – қазақ мектебінде білім алып жүр. Кэтрин Майер бір сөзінде «Қазақ тілі менің биік белестерге шығуыма жол ашты. Сондықтан қазақ халқына, қазақ тіліне деген ризашылығым шексіз» деген болатын. Оның мемлекеттік тілге деген құрметі көпке үлгі.
Қымбат ДОСЖАНОВА
Суретті түсірген автор.
Елдің ықыласына бөленген игі істер – қоғамдағы адамгершілік пен жанашырлықтың жарқын көрінісі. (далее…)
Подозреваемого уже задержали, об этом сообщает "Тоболинфо" (далее…)
Как лучше понимать своего ребенка, поддерживать его в период взросления и выстраивать отношения, основанные на…
Обеспечение надежной охраны государственной границы и укрепление пограничной безопасности всегда остаются в числе ключевых приоритетов…
В Камыстинском районе подвели итоги конкурса видеороликов и короткометражных фильмов на тему «Таза Қазақстан». Всего…
Этот значимый подарок для Нурдаулета Чажабаева и Альфии Рахметовой, воспитывающих пятерых детей, стал возможен благодаря…
This website uses cookies.