Денисов ауданының қойшысы республикалық байқауда 1-орын алды

Перелески ауылының тұрғыны Ерсарин Әбілбек жуырда Ақмола облысының Атбасар қаласында өткен асыл тұқымды қой көрмесіне қатысып, республикалық деңгейдегі байқауда 1-орын алды.

“Атбасар” ипподромының аумағында “асыл тұқымды және етті тұқымды қойлар” көрмесі өткен болатын. Сол көрмеге Солтүстік Қазақстан, Ақмол облысы, Көкшетау, Павлодар, Қарағанды, Қостанай облыстарының қойшылары қатысып, асыл тұқымды қойларын таныстырды. Біздің аймақтан Денисов ауданындағы Перелески ауылының тұрғыны, тәжірибелі шаруа Ерсарин Әбілбек барып, асыл тұқымды екі қошқар мен бір қозысын апарды. Байқауда қойдың бойы мен салмағы, пошымы сарапқа салынды. Барлық талаптар бойынша Ерсарин ағаның қошқары үздік деп танылды. Осылайша сайыстың бас жүлдесі бұйырды.

«Қой бағу менің хоббиім. Әкем де кезінде қой баққан. Атадан қалған кәсіпті біз жалғастырушымыз. Мықты шаруалардан асыл тұқымды қойлардың қозыларын сатып алып, баптаймын. Әкем Еділбай тұқымын баққан. Мен 2014 жылдан бері гиссар, байсары, арашан, шымкенттік гиссар, тәжік гиссары тұқымдас қойларды ұстаймын. Көпжылдық еңбектің арқасында баққан төлдерім үздік деп танылып, жоғары марапатқа ие болуда»,-деді әуесқой қойшы Ерсарин Әбілбек.

Қымбат ДОСЖАНОВА

Редактор

Поделиться
Опубликовал
Редактор

Недавние новости

14-летняя карасуская школьница стала чемпионкой Республики Казахстан по пулевой стрельбе

Восьмиклассница Амели Ермагамбетова уверенно обошла более взрослых и опытных спортсменок, участвующих в чемпионате. (далее…)

52 минуты назад

15 марта в Казахстане будет отмечаться День Конституции РК

Президент Касым-Жомарт Токаев ознакомился с результатами экзит-полла, проведенного в ходе республиканского референдума, сообщается в Telegram-канале Акорды.…

3 часа назад

В Сарыколе прошёл открытый районный турнир по мини-футболу среди мужчин

Спортсмены, неся надежду своих районов, подошли к турниру с всесторонней подготовкой. (далее…)

4 часа назад

Науырзымдықтар референдумға жоғары белсенділікпен қатысты

Саяси науқанның қорытынды сәті: №870 референдум учаскесінде санақ жүргізілді. (далее…)

17 часов назад

101-летний житель Сарыколя принял участие в референдуме

101-летняя жительница Сарыколя Августа Дубровец сделала свой выбор на Общенациональном референдуме по принятию новой Конституции…

20 часов назад

Более 150 аулиекольцев впервые голосуют на референдуме

В преддверии важного события им исполнилось 18 лет. (далее…)

20 часов назад

This website uses cookies.