Перелески ауылының тұрғыны Ерсарин Әбілбек жуырда Ақмола облысының Атбасар қаласында өткен асыл тұқымды қой көрмесіне қатысып, республикалық деңгейдегі байқауда 1-орын алды.
“Атбасар” ипподромының аумағында “асыл тұқымды және етті тұқымды қойлар” көрмесі өткен болатын. Сол көрмеге Солтүстік Қазақстан, Ақмол облысы, Көкшетау, Павлодар, Қарағанды, Қостанай облыстарының қойшылары қатысып, асыл тұқымды қойларын таныстырды. Біздің аймақтан Денисов ауданындағы Перелески ауылының тұрғыны, тәжірибелі шаруа Ерсарин Әбілбек барып, асыл тұқымды екі қошқар мен бір қозысын апарды. Байқауда қойдың бойы мен салмағы, пошымы сарапқа салынды. Барлық талаптар бойынша Ерсарин ағаның қошқары үздік деп танылды. Осылайша сайыстың бас жүлдесі бұйырды.
«Қой бағу менің хоббиім. Әкем де кезінде қой баққан. Атадан қалған кәсіпті біз жалғастырушымыз. Мықты шаруалардан асыл тұқымды қойлардың қозыларын сатып алып, баптаймын. Әкем Еділбай тұқымын баққан. Мен 2014 жылдан бері гиссар, байсары, арашан, шымкенттік гиссар, тәжік гиссары тұқымдас қойларды ұстаймын. Көпжылдық еңбектің арқасында баққан төлдерім үздік деп танылып, жоғары марапатқа ие болуда»,-деді әуесқой қойшы Ерсарин Әбілбек.
Қымбат ДОСЖАНОВА
Историями поделились зрители YouTube-канала «Другие места». (далее…)
Елдің ықыласына бөленген игі істер – қоғамдағы адамгершілік пен жанашырлықтың жарқын көрінісі. (далее…)
Подозреваемого уже задержали, об этом сообщает "Тоболинфо" (далее…)
Как лучше понимать своего ребенка, поддерживать его в период взросления и выстраивать отношения, основанные на…
Обеспечение надежной охраны государственной границы и укрепление пограничной безопасности всегда остаются в числе ключевых приоритетов…
В Камыстинском районе подвели итоги конкурса видеороликов и короткометражных фильмов на тему «Таза Қазақстан». Всего…
This website uses cookies.