Денисов ауданының орталығында төрт жекеменшік дәріхана бар

Денисов ауданының орталығында төрт жекеменшік дәріхана бар. Олар «Фармация-19», «Акопьян» ЖК, «Забота» және «Алтын тамыр 2014» атты дәріхана. Осы төртеуі халықты дәрі-дәрмекпен қамтып отыр. Қажетті дәріңізді осы жерден сатып алуға болады.

Сондай-ақ аудандық аурухананың 1-қабатында орналасқан дәріханада диспансерлік есепте тұрған науқастарға дәрі-дәрмек тегін беріледі. Ол үшін, әрине, дәрігердің тексеруінен өтіп, диспансерлік есепке тұруыңыз міндетті.

-ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ-75 бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес, белгілі бір аурулары бар азаматтардың жекелеген санаттарын тегін және жеңілдікті амбулаториялық қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың тізбесі бекітілген. Сол жерде тегін берілуге тиісті дәрі-дәрмектің толық тізімі, ауру түрлерінің атауы, азаматтардың санаты, дәрілік заттарды тағайындау үшін көрсетілімдер (дәрежесі, сатысы, ағымының ауырлығы) бәрі көрсетілген. Тегін дәрілер аталған №75 бұйрықтың негізінде беріледі. Диспенсерлік есепке тұру үшін науқас толық тексерістен өтуі керек. Содан кейін ғана дәрігер оны диспансерлік есепке қояды. Аудан бойынша дәрі-дәрмек тапшылығы жоқ. Қажетті дәрілік заттарды тасымалдаушылар дер кезінде жеткізуде. Жылдың басында қаңтардағы мереке, демалыс күндері бірнеше күнге үзіліс болуы мүмкін. Бірақ, осы уақытқа дейін дәрілердің бітіп қалу жағдайы байқалған жоқ,-деді аудандық аурухананың аға медбикесі Сәуле Байбосынова.

Белгілі бір дертіңізге байланысты тегін дәрі алу үшін дәрігердің тексерісінен өтіп, қажет болған жағдайда диспенсерлік есепке тұрасыз. Содан кейін ғана сізге тегін дәрі-дәрмек беріледі. «Тексерістен өтпеймін, есепке тұрмаймын» десеңіз дәрілік затты аудан орталығындағы төрт дәріхананың бірінен өз қаражатыңызға сатып аласыз. Жекеменшік дәріханалар таңертең 9-дан кешкі 6,7-ге дейін жұмыс істейді. Мәселен «Фармация-19» жекеменшік дәріханасы аудан халқына күн сайын үзіліссіз қызмет көрсетеді. Дәріхана 1996 жылдан бастап жекеменшікке өткен. Бүгінде мұнда он адам еңбек етуде. Фармацевттердің бәрі осы ауылдың төл тумалары. Дені Қостанай қаласындағы медициналық колледжді бітірген мамандар.

-Осында 1987 жылдан бері жұмыс істеп жатырмын. Аудан орталығынан бөлек үш ауылда өзіміздің дәріханамыз бар. Жеті жеткізушімен жұмыс істейміз. Тек қана ресми ристрибьюторлармен байланыстамыз. Қазір бәрі қатаң. Электронды счет-фактура қолданылады. Биыл дәріханаға дәрілік заттарды міндетті цифрлық таңбалау қызметін енгіземіз. Таңбалау контрафактілік өнімдерді шығару және дәріханаларға түсу мүмкіндігін азайтады. Аудан бойынша хроникалық ауруларға қажетті дәрілер сұранысқа ие. Мысалға қан қысымы, жүрек-кеуде аурулары мен бронх-астма, асқазан-ішек жолдарының дерті, қант диабеті деген сияқты ауру түрлерін емдеуге арналған дәрілік заттарды көбірек сұрайды. Біз тексерілген, сапалы дәрілерді сатамыз. Дәрханада дәрілік заттарды сақтауға арналған талап, температура режимі, тоңазытқыштың тазалығы, бәрі ережеге сәйкес қадағаланады,-деді «Фармация-19» дәріханасының директоры Күләш Амантаева.

Қымбат ДОСЖАНОВА

Редактор

Поделиться
Опубликовал
Редактор

Недавние новости

Тепло их очага. В доме у четы Янцен редко бывает тихо, а друзья часто приходят без предупреждения

Акушеры-гинекологи Иван Абрамович и Татьяна Федоровна Янцен известны многим в Костанае. Попасть в их семейное…

1 час назад

Карасуский сельскохозяйственный колледж стал диалоговой площадкой для проведения масштабного областного мероприятия – Совета директоров профтехорганизаций Костанайской области

Руководители региональных колледжей обсудили новую модель патриотического воспитания и современные подходы к подготовке специалистов. (далее…)

6 часов назад

Из педагогов – в автомеханики: житель Боровского Азат Байманов сменил профессию и нашел в этом свое призвание

Азат Байманов, проработав 17 лет учителем физической культуры и спорта, принял решение кардинально сменить сферу…

1 день назад

В Узункольском районе с рабочим визитом побывал аким области Кумар Аксакалов

Поездка стала логическим завершением трудового ритма уходящего года, который был насыщенным для трудовых коллективов региона,…

1 день назад

Педагог из Житикаринского района возглавила рейтинг конкурса «Читающая нация»

Учитель русского языка и литературы из Житикаринского района Ирина Афанасьева занимает первую строчку рейтинга республиканского…

1 день назад

This website uses cookies.