Осы күнге дейін қаншама медицина маманымен сұхбаттасыппыз.
Сондағы түйгеніміз – адам дәрігер мамандығын кездейсоқ таңдамайды екен.
Денисов ауданындағы Свердлов дәрігерлік амбулаториясының жалпы тәжірибелік дәрігері Серік Баймұрадов ауылдастарының құрметіне бөленген жан. Ол бұл салада 25 жылдан артық еңбек етіп келеді. 1998 жылы Қарағанды медициналық институтын бітірген. 2001 жылдан бері ауыл дәрігері.
-Ауыл дәрігері қиындықпен жалғыз өзі бетпе-бет келеді. Ондай сәтте өзіңе, біліміңе ғана сенесің. 24/7 режимінде жұмыс істеуің қажет. Өйткені, күндіз жұмыста болсаң, түнде ауылдастарың көмекке жүгінуі мүмкін. Басы ауырып, балтыры сыздамайтын адам жоқ. Сондықтан көмек беруге күндіз-түні дайын болуға тиіссің. Бізде сенбі-жексенбі, мерекелік демалыс деген қасаң қағида жоқ. Кез-келген сәтте пациентке жәрдемдесу дәрігерлік борышың. Ауыл дәрігерінің қаладағы маманнан айырмасы осында,-деді ақ халатты абзал жан.
Қиындығы мен жауапкершілігі мол салаға қалай тап болғанын да сұрадық. Оның да өзіндік сыры бар болып шықты.
-Бала кезімде әжем ауырып жатқанда: «Ертең өскенде мен дәрігер боламын. Сізді емдеймін» деп жиі айтатын едім. Сол ой бала қиялымда сақталып, ер жеткенде маған бағыт берген сыңайлы. Одан кейін мектепте анатомия, биология, химия пәндерін қызыға оқыдым. Бәрі жинақтала келе дәрігер маманы болуыма септігін тигізді,-деп топшылайды өзі.
Серік Жолшыбайұлы медицинада пациенттің өмірі мен денсаулығы бірінші кезекте маңызды екенін айтады. Науқастың өмірін өлімнен арашалап қалсаң, жасаған емің дертіне шипа сыйласа, міне нағыз бақыт! Ал ең қиыны және өкініштісі – пациентті жоғалтып алу және шарасыздық, дәрменсіздік.
Қымбат ДОСЖАНОВА
Суретті кейіпкер жолдады
Акушеры-гинекологи Иван Абрамович и Татьяна Федоровна Янцен известны многим в Костанае. Попасть в их семейное…
Руководители региональных колледжей обсудили новую модель патриотического воспитания и современные подходы к подготовке специалистов. (далее…)
Азат Байманов, проработав 17 лет учителем физической культуры и спорта, принял решение кардинально сменить сферу…
Их предоставят очередникам. (далее…)
Поездка стала логическим завершением трудового ритма уходящего года, который был насыщенным для трудовых коллективов региона,…
Учитель русского языка и литературы из Житикаринского района Ирина Афанасьева занимает первую строчку рейтинга республиканского…
This website uses cookies.