Жыл басынан бері Денисов ауданы аумағында 46 адам қоғамдық жұмыстарға орналасқан
Қазіргі уақытта 34 адам еңбек етуде. Оның он екісі әртүрлі себептермен, соның ішінде тұрақты жұмысқа орналасуына байланысты «Қоғамдық жұмыс» бағдарламасына қатысуды мерзімінен бұрын аяқтады.
– Қоғамдық жұмыстарға 16 жастан бастап зейнеткерлікке дейінгі аралықтағы барлық ниет білдіруші азаматтар қатыса алады. Негізгі талабы – қатысушы жұмыссыз ретінде тіркеліп, мәртебесін ресми бекіту қажет. Қосымша жеке басын куәландыратын құжаты, жалақы аударымдары үшін есеп шоты керек. Мемлекеттік қолдау шарасына қатысу кезінде жұмысшыдан алдын ала кәсіби дайындық талап етілмейді. Қоғамдық жұмыстардың ұзақтығы бір күнтізбелік жылды құрайды,-деп хабарлады Денисов аудандық Мансап орталығы.
«Солнечный» балаларды сауықтыру лагері қоғамдық жұмыстарға қатысушыларды тұрақты еңбек орнына орналастырудың жарқын үлгісін көрсетіп келеді. Аталған ұйымда үш адам қоғамдық жұмыстарға қатысты. Мемлекеттік қолдау барысында олар жоғары еңбекқорлық танытып, жұмыс берушілердің сенімінен шыға білді. Нәтижесінде тұрақты жұмыс орындарымен қамтылды.
Қымбат ДОСЖАНОВА
Суретті аудандық Мансап орталығы ұсынды
Қамысты ауданында қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау, тасымалдау және көму жүйесі жаңартылып жатыр. (далее…)
В селе Карасу появится специализированный спортивный объект для подготовки спасательных подразделений. (далее…)
Когда в реанимации звучит сигнал монитора, у врача нет времени на долгие раздумья. (далее…)
Облыс әкімдігінде өткен аппараттық жиында 2027 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық барысы қаралды. (далее…)
С чего начать, если хочешь работать на себя? (далее…)
Қамысты ауданында медицина және білім беру салаларындағы кадр тапшылығын азайту үшін мамандарды тарту жұмыстары жүргізіліп…
This website uses cookies.