Денисов делегациясы Семейдегі Абай мерейтойына қатысып келді

Кемеңгер тұлға Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойы республика көлемінді дүркіреп өтті.

Семей өңірінде тойланған іс-шараға Денисов ауданы әкімінің орынбасары Айгүл Бектемісова мен аудандық мәдениет бөлімінің басшысы Нағима Хасанова барып келді.

Абай облысындағы республикалық жиынға Қостанай облысының атынан 12 адам барды. Соның ішінде Денисов ауданының өкілдері де бар.

«Абай атамыз өмірге келген киелі жерге бару әр адамның өміріндегі ерекше сәт. Абай атамыздың туған топырағына аяғымның тигеніне қуаныштымын. Мерейтойдан алған әсерімді сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Өйткені іс-шаралар өте жоғары деңгейде өтті. Ұйымдастырушылық жағына мін жоқ. Біздің делегацияны ауыл шаруашылық басқармасы мен Әлихан Бөкейхан атындағы инновациялық колледждің ұжымы ыстық ықыласпен қарсы алып, облыстың көрікті жерлерін, тарихи орындарына апарып таныстырды. Америка, Франция, Италия сияқты шетелдерден қаншама меймандар келді. Еліміздің зиялы қауым өкілдері, абайтанушылар, ақын-жазушылар жиналды. Жан-жақты бағыттағы іс-шаралар қамтылып, қазақтың бас ақыны Абай мұраларын насихаттауға күш салынды және сол ой іс жүзінде жүзеге асты»,-деді Денисов аудандық мәдениет бөлімінің басшысы Нағима Хасанова.

Хакім Абайдың 180 жылдығына орай Денисов ауданында да бірқатар іс-шаралар өтті. Кейбірі әлі де жалғасуда. Мысалы, аудандық мәдениет үйі «Адамзаттың Абайы» республикалық челленджіне қатысты. Аудан өнерпаздары ұлы ойшылдың авторлық әндерін айтып, күйлерін ұлттық аспаппен шебер орындады. Мәдениет үйінің шығармашылық ұжымы ақынның «Көңілім қайтты достан да дұшпаннан да» атты қара өлеңін мәнерлеп оқыды. Денисов орталық аудандық кітапханасы «Абай мұрасы – халық қазынасы» челленджін бастады. Перелеский ауылдық кітапханасы «Абай в моем сердце», «Вся мудрость в книгах» челленждін ұйымдастырды. Фрунзе ауылдық кітапханасы «Абай – қазақ жерінің генийі» әдеби кешін өткізді. Әйет ауылдық кітапханасы «Абай – ұлы тұлға» атты Абай оқуларын жүргізді. Қырым үлгілі кітапханасы «Адамзаттың Абайы» деген атпен түрлі этнос өкілдері арасында челленджге мұрындық болды. Аталған іс шаралардың бәрі ұлы ойшылдың әдеби мұрасын дәріптеуге арналған.

Қымбат ДОСЖАНОВА

Редактор

Поделиться
Опубликовал
Редактор

Недавние новости

В Сарыкольском районе открылись избирательные участки для участия в референдуме по новой Конституции

Все участки готовы к приему граждан, на месте работают наблюдатели и проходят акции для первых…

2 часа назад

Сарыкөл ауданында Көрісу күні – Амал мерекесі аталып өтті

Осындай игі шаралар халықтың бірлігін нығайтады. (далее…)

14 часов назад

Новое современнное овощехранилище появится в Костанайском районе

Его вместимость будет более пяти тысяч тонн продукции, оснащено системой поддержания микроклимата и вентиляции. (далее…)

23 часа назад

Не только осетр, но и форель: Костанайский район готовится удивить жителей области новой местной рыбой

Об этом во время рабочей поездки акима области Кумара Аксакалова с заездом на ТОО «Костанайский…

23 часа назад

Науырзымдықтар көрісу күнін тойлады

Көрісу күні – татулық пен дәстүр мерекесі. (далее…)

1 день назад

This website uses cookies.