Денисов хоккей лигасының жаңа маусымы басталды

 

Жаңа жыл қарсаңында Денисов ауданында хоккей лигасының 2025-2026 жылғы маусымы ресми түрде ашылды.

Жаңа маусымның алғашқы ойыны жуырда аудан орталығындағы «HOCKEY ALANY» жабық хоккей кортында өткен еді. Аталмыш корт 27-желтоқсанда салтанатты түрде пайдалануға берілгенін еске саламыз.

Хоккей лигасының ойындарына 6 команда қатысып жатыр. Оның бесеуі Денисов ауданының бес ауылдық округінен және алтыншысы көршілес Бейімбет Майлин ауданының хоккейшілері. 3-қаңтар күні екінші кезеңнің ойындары өтті. Қатысушылар әр ойын сайын шыңдала түсуде.

– Жақында аудан орталығында HOCKEY ALANY» жабық хоккей корты ашылды. Жаңа нысан кез-келген ауа райына қарамастан хоккей ойнауға мүмкіндік береді. Жергілікті хоккейшілер одан әрі шымырланып, шыныға түседі деген ойдамын. Алда хоккейден Қостанай облысының әуесқойлар лигасы, КМ лигасы, Денисов хоккей лигасының ойындары өтеді. Біз жақсы нәтиже күтеміз,-деді Денисов аудандық спорт бөлімінің басшысы Наталья Филатова.

Денисов хоккей лигасы тұрақты түрде ұйымдастырылып келе жатқан дәстүріл спорт іс-шарасы. Оның тарихы 2019 жылдан басталады. Сол жылы өткен алғашқы ойынға ауыл жастарынан жиналған бес команда қатысып, өзара бақ сынасқан. Осылайша жастар арасында хоккей ойнау әдемі дәстүрге айналды. Бүгінде Денисов хоккей лигасының ойындарына қатысуға көршілес аудандар да қызығушылық танытуда.

Қымбат ДОСЖАНОВА

Суретті жолдаған Денисов аудандық спорт бөлімі.

 

 


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31

Просмотров: 10