Денисовтық балақай республикалық жарыстан олжалы оралды

 №3 Денисов жалпы білім беретін мектебінің шәкірті Мағжан Асқар болашағынан зор үміт күттіретін спортшы жас.

Болашақ балуан деуге болады. Ол жақында еркін күрестен өткен республикалық жарыста 29 келі салмақ дәрежесінде, 8–9 жас аралығында І орын иеленді. Үлкен додада шеберлігі мен қайсарлығын тағы бір мәрте дәлелдеді.

Мағжан республикалық жарыста тұтастай облыстың атын асқақтатып келді. Жаттықтырушысы Әділхан Маденов дүбірлі додада бәсеке жоғары болғанын айтты. Соған қарамастан батыр бала қарсыластарын жығып, биіктен көрінді.

Мағжан Тайжанұлы  еркін күрес үйірмесіне үзбей қатысып, жаттығуларда үлкен ынтамен дайындалады. Табандылығы мен еңбекқорлығының арқасында көптеген жарыстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болып жүр. Осындай жетістіктерге жетуіне отбасындағы тәрбиенің, ұстаздарының қолдауының және өз еңбегінің ықпалы зор.

-Ол мектебіміздегі үздік оқушылардың бірі. Сабаққа жауапкершілікпен қарайды, тәртібімен және үлгілі мінезімен өзгелерден ерекшеленеді. Спортқа қызығушылығы жоғары. Білімге де құштар. Әртүрлі жарыстарға қатысу арқылы құрдастарына үлгі болып жүр. Біз оның болашағынан үлкен үміт күтеміз.  Мағжанға алдағы уақытта да білім мен спортта биік белестерді бағындырып, еліміздің абыройын асқақтата берсін деп тілейміз, деді сынып жетекшісі: Сандуғаш Қали.

Спорты балақай №3 Денисов жалпы білім беретін мектебінде 1-сыныптан бастап білім алып келеді. Көпбалалы отбасындағы үшінші перзент. Бауырларының да мақтанышы. Күрестен 1 жыл 5 айдың ішінде үш белбеуі, 5 кубок, қырықтан астам медаль алып үлгерді. Спорттан бөлек ән айтып, би билегенді жақсы көреді. Мектептің шығармашылық үйірмелеріне, мәдени іс-шараларына белсенді қатысады. Жан-жақты баланы ұстаздары да ерекше бағалайды. Ел ертеңі осындай алғыр балалардың қолында деп білеміз.

Қымбат ДОСЖАНОВА

Суреттерді жолдаған Сандуғаш Қали.

 

 

 


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31

Просмотров: 1