Қырым ауылының медициналық пунктінде жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Қазір қасбеті жөнделіп, терезе мен есіктері, жылыту қазандығы ауыстырылуда. Медициналық пункттің іші-сыртына жеңіл-желпі жөндеу жасау үшін жергілікті бюджеттен 24 338,0 мың теңге бөлінген. Мемлекеттік сатып алу рәсімі бойынша аталған шаруаны атқаруға «Millennium BST Group» ЖШС мердігер ұйым ретінде анықталды. Жұмысты орындау мерзімі келісім-шарт негізінде белгіленген.
Бұл медициналық пункттің ғимараты 1970 жылы салынған. Елу жылдан астам уақыттан бері мекеме ауыл халқына қажетті медициналық қызмет көрсетіп келеді. Соңғы рет ғимаратқа 2005 жылы жөндеу жүргізіліпті. Мұнда қазіргі уақытта 501 адам тіркелген. Ұлт саулығын сақтау үшін және елді мекендерде медициналық қызмет көрсету сапасын жақсарты мақсатында мемлекет тарапынан қолдау іс-шаралары жалғасуда. Қырымдағы медициналық пункттің жөндеу жұмыстары денсаулық сақтау саласындағы Президент тапсырмаларының шеңберінде іске асып жатқанын білдірсе керек.
Қымбат ДОСЖАНОВА
Сурет Денисов аудандық ауруханасына тиесілі.
«В кадре — закон, в поступках — ответственность». Что значит уважать закон в повседневной жизни?…
Обеспечение надежной охраны государственной границы и укрепление пограничной безопасности всегда остаются в числе ключевых приоритетов…
Как начать работать на себя, оформить своё дело и разобраться в налоговых обязательствах? (далее…)
В ходе рейдов стражи порядка посетили порядка 40 магазинов района. (далее…)
Труппа еще не вернулась на родину, но уже шлет отзывы на то, как их встретили…
В канун Дня Республики в селе Троебратское Узункольского района громко звучала музыка и колыхались разноцветные…
This website uses cookies.