Докучаев мектебінде оқушылардың қатысуымен қайырымдылық акциясы өтті

Оқушылар мен ата-аналар өздері пісірген пицца, торт, бәліш сынды тәттілерді арзан бағамен сатты.

 

Акциядан түскен қаражат жерлесіміз, қамқор әке, ардақты жар Хамзин Айдынның еміне берілмек екен.

 

– Біздің мектебімізде бұндай акция жыл сайын ұйысдастырылып тұрады, тіпті дәстүрлі түрде десемде болады. Осы жолыда мектеп Парламенті жерлесіміз Хамзин Айдын Бейсембайұлына қолдау көрсету мақсатында “Тәтті жәрмеңке” қайырымдылық акцияын өткізді. Акцияға ата-аналар, оқушылар, мектеп педагогтары белсенді қатысты. Нәтижесінде 175 000 теңге қаражат жиналды. Бұл үлкен сумма болмаса да, Айдынды емдеуге қажетті және уақтылы үлес болады деп сенеміз, – деді тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Азиля Омарова.

Жәрмеңкеге сонымен қатар, ата-аналарды келіп, оқушылармен бірге әкелген тағамдарын сатуға көмектерін беріп жатты.

– Бүгін ойда жоқта ерекше іс-шараның куәсі болдым. Неге десеңіз? Мектеп. Ата-ана. Оқушы. Осы үш ұғымның үйлесімділігінің ұштасып тұрғаның көрдім. Осы орайда мектеп әкімшілігімен осындай қайырымдылық іс-шараның ұйымдастырған жандарға айтар алғысым шексіз, -деді Науырзым аудандық полиция басшысы, подполковник Азамат Бекмұхамбетов.

Жібек Мырзағали


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31