Ұлттық домбыра күні – 2018 жылдан бері шілденің алғашқы жексенбісі қазақтың төл аспабының күні ретіне тойланып келеді.

Домбыра жер бетінде кеңінен тараған шертпелі аспаптардың қатарына кіреді. Өнертанушылар мен тарихшылар мұндай аспаптар ғылымда Х ғасырдан бастап белгілі деп тұжырымдайды. Алайда 2010 жылы отандық бұқаралық ақпарат құралдары тарихы біздің заманымыздың V ғасырынан басталатын «ата домбыра» табылғанын айтып сүйінші сұраған еді.

Айтулы мереке  биыл  5 шілдеде ауданда алғаш рет  аталып өтеді. Аудандық жазғы спартакиадамен тұспа-тұс келген мерекелік іс-шара 100 домбырашыдан құралған күйшілер бір мезетте 4 күйді «Желдірме», «Салкүрең», «Тепеңкөк» және «Әлқиса» орындайды.

Мерекені ұйымдастырушы Аудандық мәдениет үйі. Ал домбырашылардың басын біріктіріп, солармен күнде дайындық өткізіп жетекшілік жасап отырған Аудандық мәдениет үйінің қызметкері, балалар шығармашылық үйі «Домбыра» үйірмесінің жетекшісі: Айбек Алимжанович Сыздықов. 100 домбырашыдан құралған топтың көш басында шығармашылық үйінің барлық қызметкерлері мен «Домбыра» үйірмесінің 15 оқушылары ат салысады.

Домбыра – қазақ елінің көнекөз шежіресі. Ұлттық кодымыздың айнымас бөлігі. Сол ұлттық кодымызды қайта жаңғыртуға бағытталған айтулы мерекенің әр қазақ баласына берері мол екені айтпаса да белгілі. Құрманғазы, Тәттімбет, Дәулеткерей, Қазанғап, Дина, Сүгір сынды бабаларымыздан мирас болып қалған күй өнерін де жандандыруда да бұл күннің алар орны ерек болмақ.

Сіздерді қасиетті мереке – Ұлттық домбыра күнімен шын жүректен құттықтаймын. Қазақ халқы үшін домбыра – ұлттық аспап ғана емес, қазақтың жаны мен қаны, сыры мен сыры, қасиеті мен сыры. Домбыра – халықтың қайғысы мен мұңын, қуанышы мен қызығын жеткізетін адал серігі. Ата-баба үнін ұрпақтан-ұрпаққа жеткізген домбыра Ұлы даланың сазды сарынын жырлады. Күй-толғау, сыңғырлы Сұлу-ән-ән, халқымыздың киелі ұлттық аспабы домбыра құлағымыздан кетпесін! Баршаңызды бүгінгі мерекемен құттықтаймын, денсаулық, бақыт тілеймін. Бейбіт заманда шаңырақтарыңыз шаттыққа, берекеге, жаңарып, берекеге толы болсын! Ұлттық домбыра күні құтты болсын жерлестер!

Балалар шығармашылық үйінің әдіскер: С.Башухина

Редактор

Поделиться
Опубликовал
Редактор

Недавние новости

Что делается в Узункольском районе по вопросу обеспечения граждан питьевой водой

В Узункольском районе проблем с природными источниками не было - озёр много и, как говорят…

1 час назад

Семья из Аркалыка стала лауреатом конкурса «Мерейлі отбасы» и получила 2 млн тенге

В Астане наградили победителей Национального конкурса «Мерейлі отбасы-2026». (далее…)

2 часа назад

Новые возможности для восстановления здоровья появились в Камыстинском районе

В районной больнице  появились современные аппараты, которые помогают пациентам восстанавливать подвижность рук и ног после…

4 часа назад

Қарасуда жастардың мемлекеттік қызметке қызығушылығы артқан

Қарасу ауданында жастар мемлекеттік қызметке көптеп келе бастады. (далее…)

4 часа назад

Торғайда «Әкім кубогы – 2026» жайдарман ойыны өтті

Жеңімпаздарға 100 мың теңге табысталды. (далее…)

21 час назад

This website uses cookies.