Қарабатыр ауылының өнерпаздары Чайковский ауылын әнге бөледі
Қарабатырлық өнерпаздар аудан көлемінде ғана емес, көршілес ауылдарға шығып, өз өнерлерін ортаға салып, өзгеден үйренуді де тәжірибелеріне енгізіп келеді.
ҚРІ жобасы аясында Қарабатыр ауылдық мәдениет үйінің көркемөнерпаздары Жітіқара ауданы Чайковский ауылының 70 жылдығына орай концерттік бағдарламамен барып, өнер көрсетті. Ауа райының қолайсыздығына қарамастан көрермендер ауыл таланттарының өнерін тамашалап, қошемет білдірді.
-Концертке он шақты өнерпаз қатысты. Бұл жоба – ауыл өнерпаздарын бәсекеге қабілеттілікке тәрбиелейтін, өсуге ұмтылдыратын шара. Бұл көрші аудан, ауыл тұрғындары арасындағы байланысты нығайтуға бағытталған. Бұл ауылды дамыту бағдарламасының айқын көрінісі, – дейді Қарабатыр мәдениет үйінің мәдениет ұйымдастырушы Таңшолпан Жарбосынова.
Сахнаға көтерілген қарабатырлық өнерпаздар кештің сәнін келтірді. Жанрдың қай түрінен қалыс қалмаған өнер ұжымы көптің көңілінен шықты. Сахна төріне «Қос күрең» күйімен Мұғраж Жеңісхан ағамыз шықты. Мұнан кейін «Қазақ осы» дуэті айтылды. Қарабатыр өңірінің тумасы Мұрат Жақсыбаев «Не завыбайте друзей» әнін шырқады. Жас өнерпаз Нұреддин Айзере «Жаным Қазақ» әнін нақышына келтіріп орындады. Мұнан кейін Таңшолпан Жарбосынова «Жақсы адамдар» әнін орындап, көпшіліктің көңілінен шықты. Ауылдың аналарынан құрылған «Асыл әжелер» тобы «Саржайлау», «Арыстың жағасында» әндерін бірнеше дауыста орындап берді.
«Туған жер» квартеті де өз өнерін ортаға салды. Сонымен қатар, ерлі-зайыпты Жеңісхан Мұғраж бен Айжан Әшімнің орындауында «Көзіңнің мөлдірін-ай» дуэті сахна төрін шаттыққа көмкерді. Бір сағатқа созылған бағдарлама Таңшолпан Жарбосынованың орындауында «Атамекен» әнімен аяқталды. Осылай ауыл өнерпаздары әзірлеген мерекелік салтанатты шара Чайковский жұртшылығына керемет әсерлі көңіл-күй сыйлады.
Шұға ҚОҢҚАБАЙ
Акимат области утвердил территории, на которых разрешат самостоятельно добывать драгоценные металлы. (далее…)
В районном доме культуры состоялся Форум, где подвели итоги конкурса короткометражных роликов по профилактике…
Волонтеры ОФ «Жанашыр бол» совместно с полицейскими Костанайского района 21 сентября встретились с учащимися школы-гимназии.…
В школе-гимназии для учащихся 8-11 классов прошел психологический семинар «Границы безопасности: семья, зависимость и сила…
Қамысты ауданында бұқаралық спортты дамытуға және тұрғындарды салауатты өмір салтына тартуға басымдық беріліп келеді. (далее…)
В Наурзумском районе проблема безнадзорного и бродячего скота особенно актуальна в период сезонного выпаса. …
This website uses cookies.