Елдің руһын асқақтатқан мерейлі мереке

Сарыкөл ауданының орталық алаңында «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Рәміздер күніне» арналған мерекелік салтанатты іс-шара ұйымдастырылды.

Жиылған көпшілікке  аудан әкімі Амантай Балғарин  мерекелерімен құттықтап сөз сөйледі. Сонымен қатар, жақында тілсіз жаудан бір адамды құтқарып қалған жас өрендер мен әлемдік додада еліміздің намысын қорғап, жүлдегер атанған жас спортшы мен жаттықтырушысын құттықтап, алғыс хаттар табыстады.

Жиын соңында келген қонақтар мерекелік концерт тамашалап қайтты.

Елдің руһын асқақтатқан мерейлі мереке – Мемлекеттік Рәміздер күні Сарыкөл кентінде сағат кешкі сегізде автошеруге ұласты. Бұл іс-шараға ауданның отансүйгіш, жігерлі жастары қатысты.

Олар автокөліктеріне көк туымызды желбіретіп, орталық алаңнан бастап, кенттің Тәуелсіздік, Меңдеке батыр, Абай, Әлібек батыр көшелерін жүріп өтті. Әр көлікте көк туымыз желбіреді. Мұндай көрініс әр адамның рухын көтереді.

-Мен мұндай автошеруге бірінші рет қатысып тұрмын. Өте қуаныштымын. Бойымды патриоттық сезім биледі. Жұртшылықты мерекемен шын жүректен құттықтаймын. Елімізде мәңгі бейбітшілік болсын. Ауданымыз  өркендеп, гүлдей берсін, – автошеруге қатысушы Абай Сейдахметов.

Автошеру қатысушыларын ауыл тұрғындары қуана қарсы алды. Олар жол бойында сап түзеп, көлік сигналын басқан, туымызды желбіреткен азаматтарға қошемет көрсетті.

Патриоттық шараның ұйымдастырушысы – аудандық ішкі саясат бөлімі.

Автошерушілердің қауіпсіздігін полицейлер  қамтамасыз етті.

 

Руслан ӘЛКЕЕВ


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31