Жаңа кітабы «Үш Қиян» баспасынан 500 данамен шықты
Күні кеше Астана қаласында торғайлық ақын Мұхарбек Махамбеттің «Күзгі нота» атты өлең жинағының тұсау кесері салтанатты түрде өтті.
Қазақстан Қарулы күштерінің Ұлттық әскери-патриоттық орталығында бас қосқан мәртебелі меймандарды, ақын, халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты Бауыржан Бабажанұлы таныстырды.
Кеш барысында белгілі мемлекет және қоғам қайраткері генерал-лейтенант Абай Тасболатов жинаққа енген өлеңдер мен поэмаларға жеке-жеке талдау жасады. Алғашқы командирі әрі редакторы полковник Сапарғали Жағыпаров, торғайлық ақын Әбжан Әбілтай, ақындар халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаттары Әбубәкір Смайылов, Нұрлан Қалқа және Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қалқаман Сарин, ақын Сәндібек Жұбаниязов, әдебиетші-ғалым, профессор Болат Қорғанбеков, әдебиетші Нұрлан Асқаров тұщымды пікірлерін айтты.
«Сыйлас, пікірлес аға, отставкадағы полковник Ермек Сейітбатталов ақ батасын берді. Әскерде бірге қызметтес болған, бүгінде запастағы офицерлер Мұрат Рақымжанов, Марат Жүніс-Бек, Ғани Артықов, композитор Қайрат Жүнісов, сондай-ақ, Кенжетай, Қабылбек секілді тілеулес ағалар мен дос-бауырым Талғат Әмірхамзин, ақын-аудармашы Аманғали Қалжанов, Ұлттық ұланның қызметкерлері журналисттер Дарын Сейітов, Жанболат Кенжеғұл да жаңа кітаптың таныстырылымына куә болды», – дейді ақын Мұхарбек Жәкейұлы.
Тобыл – Торғай өңірінің талантты, дарынды ақындары Марғұлан Оспанов пен Серікболсын Әбікен автордың «Күзгі нота» өлеңіне жазылған әнін нақышына келтіріп орындады. Қайта оралмас балалық шақта құлын-тайдай бірге өскен сыныптас досы, жеке кәсіпкер Қасым Баймағамбетов торғайлықтардың қонақжайлылығын танытып, меймандарға ақ дастархан жайды.
Байбатыр АХМЕТБЕКОВ
Акушеры-гинекологи Иван Абрамович и Татьяна Федоровна Янцен известны многим в Костанае. Попасть в их семейное…
Руководители региональных колледжей обсудили новую модель патриотического воспитания и современные подходы к подготовке специалистов. (далее…)
Азат Байманов, проработав 17 лет учителем физической культуры и спорта, принял решение кардинально сменить сферу…
Их предоставят очередникам. (далее…)
Поездка стала логическим завершением трудового ритма уходящего года, который был насыщенным для трудовых коллективов региона,…
Учитель русского языка и литературы из Житикаринского района Ирина Афанасьева занимает первую строчку рейтинга республиканского…
This website uses cookies.