Еріктілер қарттар үйіне барып қайтты

“Жаңашыр бол” қоғамдық қорының еріктілері және Ш. Қабылбаев атындағы ҚР ІІМ Қостанай академиясының 3 взвод тыңдаушылары  Максутов Әділетпен, Темірхан Берікпен бірге “БЛАГОДАТЬ KST” қарттар үйіне барып, олармен бірге уақыт өткізді

Еріктілер түрлі ойындар ойнатып,  барлығы ескі көңілді әндерді еске алып, бірге ән айтты. Қарт адамдар қуанып, тіпті көздеріне жас алып қалды.  Еріктілердің пікірлері бойынша, жалғызбасты ата-әжелермен қарым-қатынас өмірге басқаша қарауға көмектеседі, бұл құндылықтарды қайта бағалаудың бір түрі.

“Қостанай қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі” ММ тапсырысы бойынша “Қостанай қаласында волонтерлік бастамаларды дамыту (Қостанай қаласында волонтерлікті дамыту) арқылы әлеуметтік мәселелерді шешуге жұртшылықтың қатысуы “жобасы шеңберінде.

Аяжан СЕРІК,

фотоны түсірген Нұржан СМАИЛОВ


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31