Есепте тұрғандардың есебі түгіл ме?

Пробацияда есепте тұрғандар пайдалы кеңес алды

20 тамызда аудандық полиция бөлімінде пробация қызметінде есепте тұрған сотталғандармен кездесу өтті.

Бұл іс-шараны «Жанашыр бол» қоғамдық қоры аудандық пробация қызметімен бірге «Сарыкөл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысына сәйкес өткізді.

Мақсат – қоғамдық оқшалау орталығынан шыққан соттталғандардың қоғамға бейімделуін және өмірге деген көзқарасын өзгерту.  Сотталғандар тарапынан әкімшілік және қылмыстық құқық бұзушылықты болдырмау және алдын алу болды.

– «Жанашыр бол» қоғамдық қоры аудандық пробация қызметімен бірге  сотталғандармен жүйелі жұмыстар жүргізу, психологиялық кеңестер беру, олардың жасаған қылмыстарын қайталамауына септігін тигізу мақсатында салауатты өмір салтын қалыптастыру, мәдени, психологиялық және де тағы да басқа шараларды жүйелі түрде өткізіп келеді. Сарыкөл ауданы бойынша пробация есебінде тұрған азаматтарды спорттық шараларға тартып, әлеуметтік көмек көрсетіп, жұмыссыз жастарды жұмысқа орналастыру мәселесі бойынша өз үлесімізді қосып жатырмыз, – дейді «Жанашыр бол» ҚҚ заңгері Жазгүл Тоғжанова.

Сонымен қатар, бұл жиынға аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Болат Қарбанов, «Сарыкөл агробизнес және құқық»  колледжінің бөлім меңгерушісі Елена Паркиналар сөз сөйлеп, мемлекеттік бағдарламалар арқылы  несие мен субсидиялар алу және мамандықтарды оқыту туралы түсініктеме берді. Бұдан бөлек, Қостанайдан арнайы келген психолог Дарья Шарафилова жүйелі жұмыс жасап, түрлі мысалдар келтіре отырып, пайдалы кеңестер берді.

-Бүгін өте пайдалы кеңестер алдық. «Жанашыр бол» қоғамдық қоры біздерге көп көмегін тигізіп жатыр. Алдағы уақытта заңгермен байланыста болып, тағы да кеңестер аламын, – дейді сотталғандардың бірі С. есімді азамат.

Руслан ӘЛКЕЕВ

Редактор

Поделиться
Опубликовал
Редактор

Недавние новости

Қамыстылық ауыл шаруашылығы маманы ІІІ дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденімен марапатталды

Алтынсарин ауылының тұрғыны, «Алтынсарин» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас агрономы Әбіл Балмағамбетов ІІІ дәрежелі «Еңбек Даңқы»…

4 часа назад

Карасуские сельхозпредприятия и владельцы личных подсобных хозяйств приняли участие в районной осенней ярмарке

Массовое мероприятие объединило животноводческие и растениеводческие хозяйства и рачительных хозяев, выращивающих на приусадебных участках и…

5 часов назад

В Денисовском районе проверили объекты исторического наследия

На аппаратном совещании под председательством акима Денисовского района Руслана Катпаева озвучили результаты мониторинга памятников истории,…

6 часов назад

Жангелдин ауданы: сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Жангелдин ауданында қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында ақпараттық-түсіндіру…

10 часов назад

Педагог из Рудного вошла в тройку лидеров республиканского конкурса «Читающая нация»

Учительница русского языка и литературы из Рудного Татьяна Кузнецова занимает третью строчку в категории «Читающий…

1 день назад

Сельхозтоваропроизводители Сарыкольского района оказывают поддержку в обновлении социально значимых объектов

Об этом аким Сарыкольского района Марат Шымырбеков рассказал и поблагодарил бизнесменов во время аппаратного совещания…

1 день назад

This website uses cookies.