Ильичев орта мектебінде медиация қызметі жұмыс істеуде

Өткен оқу жылының соңында біздің облыста бес білім беру мекемесінде медиативтік мектептер құрылды.

Солардың бірі – Ильичевка орта мектебі. Бұл жобаның басты мақсаты – аймақтағы бес медиативтік мектепте медиация орталықтарын құру және олардың жұмысын сынақтан өткізу.

Жоба аясында медиативтік мектептердің онлайн топтары құрылып, түрлі жағдайларға қатысты кейстер қарастырылатын болады.

— Біз медиативтік мектептің мәні мен мазмұнын түсінген кезде ғана жобаны әзірлеуді бастадық. Бастапқыда біз ештеңе білмедік. Командаларды жинап, не істеуіміз керек екенін талқылауға кірістік. Нәтижесінде, көп ойланып, жоспарымызды анықтадық. Мұндай сәттер команданы біріктіруге ықпал етеді. Сонымен қатар, мектепте мұғалімдер мен оқушылар арасында конфликтілердің болмауын қамтамасыз ету мақсатында татуласу орындығы құрылды. Біз балаларды жинап, медиативтік мектептің не екенін, оның татуласу мектебі екендігін, конфликтілер туындаған кезде әрбір мұғалімге келіп, мәселені айтуға қорықпау керектігін түсіндірдік, — дейді тәрбие работе жөніндегі орынбасары Дарья Норманских.

Мектепте оқушылар «Достық мен үшін не?» тақырыбында мақала жазып, сурет салады. Кейбіреулер үшін сурет салу қиын, ал кейбіреулеріне жазу қиын, сондықтан олар өздері қалайтын нәрсені жасайды. Ең үздік жұмыстарды іліп қойып, балалар оларды қарап, танысуға мүмкіндік алады.

— Қазіргі кезде бізде кішігірім конфликтілер мен құқық бұзушылықтар болған жоқ. Оған үміттенемін, әрі конфликтілердің болмауын қалаймын, — дейді медиация мектебінің қатарына кірген ата-ана.

Жобаның қатысушылары мектеп медиациясы қызметі оқушылар мен мұғалімдер арасындағы қақтығыстар мен даулы мәселелердің санын азайтады деген үмітте. Бұл, сонымен қатар, агрессивті және асоциалдық мінез-құлықтың алдын алуға, коррекциялық жұмыстардың тиімділігін арттыруға және жалпы оқу орнындағы психологиялық ахуалды жақсартуға ықпал етеді деп күтілуде.

Құқық бұзушылықтардың санын азайтып, балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау саласында педагогтар мен ата-аналардың білім деңгейін көтеру де осы жобаның міндеттерінің бірі.

«Медиативтік мектептер» жобасы аясында қатысушылар арасында «Үздік волонтер-медиатор» байқауы өткізілмек. Бұл оқушыларға медиацияда өздерін сынап, дауларды бейбіт жолмен шешу дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді.

Аяжан СЕРІК,
суретті түсірген ИП СМАИЛОВ

Редактор

Поделиться
Опубликовал
Редактор

Недавние новости

Меңдіқара аудандық жастар ресурстық орталығы мен Төтенше жағдайлар бөлімі бірлескен жұмыс туралы меморандум бекітті

Меңдіқара аудандық Жастар ресурстық орталығы мен Төтенше жағдайлар бөлімі өзара ынтымақтастықты нығайту мақсатында меморандумға қол…

1 минута назад

Арқалықта үздік қызмет көрсетушілер анықталды

Арқалық қаласында мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыруға бағытталған «Үздік қызмет көрсетуші» конкурсы өз мәресіне жетті.…

4 часа назад

С начала года на территории Мендыкаринского района было допущено 350 правонарушений

- Сотрудники полиции несут службу в штатном режиме, но, несмотря на это, жители региона все…

23 часа назад

Денисов ауданында пробация есебінде тұрғандар жұмыспен қамтылуда

Денисов ауданы бойынша пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтарға кешенді қолдау көрсету жұмыстары үздіксіз жүргізілуде. (далее…)

1 день назад

Жительницам Мендыкаринского района Ольге Ивановой и Наталье Сатаевой вручили почетные знаки «Күміс алқа»

Многодетные мамы получили награды за самоотверженность и любовь к детям, заслужив особое признание. (далее…)

1 день назад

Волонтёры Молодёжного ресурсного центра оказали помощь пенсионеру, проживающему на территории поселка Сарыколь

В зимний период снегопады значительно осложняют передвижение пожилых людей и создают опасность при выходе из…

1 день назад

This website uses cookies.