Шығармашылық өнер дана халқымызға ата-бабамыздан мұраға болып келе жатқан қасиет.
Жамбыл атамыз тәріздес суырып-саламалық ақындық өнер, Шара апамыз сияқты бишілік өнерпаздық, Күләш Байсеитова мен Әмре Қашаубаевтардай «Күміс көмекей» әншілік – ертеден бізге дарыған рухани құндылықтарымыздың бірі. Аяқ астынан төрт жол өлең жазып, ән айтып тамсандырмайтын қазақ – қазақ емес екені ақиқат шындық. Міне, осыған жуырда барлық ұзынкөлдіктердің әлеуметтік желі арқылы көздері жетті.
14 желтоқсанда Тобыл қаласында «RE_SOL_STAR» шығармашылық орталығымен ұйымдастырылған VII Республикалық «JAST TALANT» атты музыкалық байқауы болып өтті. Бұл үлкен шығармашылық іс-шараның вокалдық номинациясында бас жүлдегерлері болып Кәмшат Дөненбаева жалпы білім беретін мектебінің 6 сынып оқушысы Айша Ерсаин мен № 1 Ұзынкөл жалпы білім беретін мектебінің 3 оқушысы Әмина Хамитбек атанып, Грузия жеріне Халықаралық музыкалық фестиваліне қатысуға жолдама алды.
– Бұл байқауға хабарлама түскен бойы біз шамамен екі аптадай уақыт дайындалдық. Айша «Ана» туралы әнді орындады, – түсіндірді бізге Айшаның музыкалық жетекшісі Айым Серікова,-Бірнеше жастық санаттарға бөлінді қатысушылар. Әмина кіші топқа кіріп, I орын иеленді, Айша болса, ортаңғы топта, он үш қатысушы арасынан топ жарып, Гран-при иеленді. Дайындық барысында әнді ғана емес, сахнада өздерін ұстау мәдениеті, костюмдері де дайындалды. Байқауға қатысу барысында ата-аналары тарапынан үлкен көмек көрсетілді: жол шығындары, тамақтары, костюмдерін дайындау солардың мойынына жатты. Ата-аналар өздері жас әншілерді байқау өтетін жерге апарып, алып келді. Осындай қолдаулары үшін алғысымыз шексіз. Қыздарымыз да еңбегімізді өтеп, жүлдемен оралды.
– Әрине, қыздарымыз осы байқаумен шектелмейді, – айтты бізге Әминаның баптаушы ұстазы Махаббат Айсенова. – Енді біз 2026 жылы Грузияда өтетін Халықаралық фестиваліне дайындығымызды бастаймыз. Себебі халықаралық сахна үлкен еңбек пен талапты қажет етеді.
Әлі жастары шамалы болса да, өздерінің дарындылығын көрсете алған қыздарымызға болашақта сәттілік тілейміз!
Бақытжамал ДАРКЕНОВА
Акушеры-гинекологи Иван Абрамович и Татьяна Федоровна Янцен известны многим в Костанае. Попасть в их семейное…
Руководители региональных колледжей обсудили новую модель патриотического воспитания и современные подходы к подготовке специалистов. (далее…)
Азат Байманов, проработав 17 лет учителем физической культуры и спорта, принял решение кардинально сменить сферу…
Их предоставят очередникам. (далее…)
Поездка стала логическим завершением трудового ритма уходящего года, который был насыщенным для трудовых коллективов региона,…
Учитель русского языка и литературы из Житикаринского района Ирина Афанасьева занимает первую строчку рейтинга республиканского…
This website uses cookies.