Астана Операда өткен ресми концертте Эстония Президенті Алар Карис екі ел арасындағы мәдени ынтымақтастықтың маңызын атап өтіп, Эстония мен Қазақстанның достығы музыка арқылы тереңдей түсіп жатқанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Кеш барысында Эстонияның әйгілі композиторлары Вельо Тормис пен Арво Пярттың шығармалары орындалды. Алар Каристің сөзінше, бұл туындылар эстон халық мәдениетінің тамырын танытатын ерекше мұра болып табылады.
«Бүгін біз Эстония мен Қазақстанның достық байланысын музыка тілінде бейнелеп отырмыз. Вельо Тормис көне фольклорды тірілтсе, Арво Пярт – қазіргі заман музыкасының биік шыңына айналған тұлға. Мемлекеттік сапарымызды эстон мәдениетінің дара тұлғаларына арналған концертпен жалғастырғанымыз — біз үшін үлкен мәртебе», – деді Эстония басшысы.
Президент концертте айтылған тағы бір жаңалыққа тоқталып өтті. Қазақ тегі бар эстон компаниясы Арқалық қаласындағы бір мектепке Эстонияда жасалған жоғары сапалы пианино сыйға тартқан. Бұл қадам, оның айтуынша, екі ел арасындағы достықтың тек орталық деңгейінде ғана емес, өңірлер арасында да нығайып келе жатқанын көрсетеді.
«Жақын күндері Эстонияның екі ғасырлық дәстүрімен жасалған бұл музыкалық аспап Арқалықта алғаш рет шырқалмақ. Бұл — мемлекеттеріміз арасындағы жылы қарым-қатынастың айқын белгісі», – деді ол.
Сөз соңында Алар Карис Қазақстан тарапына көрсетілген құшақ жая қарсы алу мен ілтипат үшін алғыс айтып, делегация мүшелерінің сапардан ерекше әсер алғанын жеткізді.
Шұға ҚОҢҚАБАЙ, суретті түсірген Бердіболат Көркембаев
Тазалық пен тәртіп – қоршаған ортаға деген құрметтің көрінісі. (далее…)
Формирование правового государства и воспитание ответственных, активных граждан — стратегические ориентиры, о которых неоднократно подчеркивает…
«Кітап оқитын ұлт» идеясы аясында жас ұрпаққа туған өлкенің тарихын танытуға бағытталған игі бастама жүзеге…
Денисов ауданының параспортшысы Светлана Иржанова Жапонияның Аичи-Нагоя қаласында өтіп жатқан Азия Пара ойындарында Қазақстан құрамасының…
Қостанай ауданындағы №1 Заречный жалпы білім беретін мектебінде Республика күніне орай және «Заң мен тәртіп»…
«Үлгілі ауыл – Лучшее село» облыстық байқауында Арқа ауылы «Үздік ауыл» аталымында жеңімпаз атанды. (далее…)
This website uses cookies.