Қарамеңді ауылындағы 18 пәтерлі тұрғын үйдің кілті иелеріне табыс етілді
Қарамеңді ауылындағы Қабанбай батыр көшесіндегі 18 пәтерлі тұрғын үйді қайта құру нысанына жалпы құны 162 288 578,82 теңге жергілікті бюждеттен қаржы бөлінген болатын.
Құрылыс монтаждық жұмыстарын “SK QAZAQSTROY” ЖШС мердігер болып танылып, жалпы суммасы 155 млн 288 мың 578.82 теңгеге шарт жасалып, бүгін сол құрылыс жұмыстарын аяқтап халық игілігіне берілді.
Кезек бойынша аталған 18 пәтерлі үйден ата-ананың қамқорлығысыз қалған азаматтар, денсаулық сақтау саласының, мемлекеттік қызмет және мәдениет саласының қызметкерлері, зейнеткерлерге баспана беріліп отыр.
-Біз үшін қолжетімді әлеуметтік тұрғын үй салу өте маңызды. Мемлекет басшысының тұрғындарды қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету тапсырмасын біз уақытында орындауға тырысамыз. Жаңа үйлеріңнің іргетасы мықты, керегесі кең, шаңырағы биік болсын!Баспана иелеріне құтты болсын айтамын, – деп құттықтау сөзін арнады Науырзым ауданының әкімі Мәди Ихтиляпов.
Осы үйден пәтер алып, баспаналы болып жатқан жанның бірі мәдениет саласының қызметкері, Гүлнұр Жақсылықова.
-Мен аудандық аудандық мәдениет үйіндеқызмет етемін. Бүгін осы жаңа үйдегі 3 бөлмелі пәтердің иегері атандым. Жаңа қоныс иелерін шын жүректен құттықтай отырып, сіздердің үйлеріңіз әрдайым жылы, жарық және жайлы болсын демекпін, – деп өзінің алғысын жеткізді.
Жібек МЫРЗАҒАЛИ
Фотоны түсірген автор
Қырым ауылының тұрғыны – Старицындер отбасы қайырымдылық жасауға асық тұратын жандар. Айналаны көгалдандырып, қоғам игілігіне…
Не успели, как говорится, отгреметь фанфары по поводу поездки в Пакистан, а уже новые, яркие…
Пилотный проект начали реализовывать с начала года. (далее…)
Жители района могут в любой момент обезопасить себя и своих близких, пройдя бесплатную вакцинацию против…
Завершился первый этап республиканской олимпиады по финансовой грамотности. (далее…)
Жангелдин ауданында ауыз сумен қамту көрсеткіші 90 пайызға жеткен. (далее…)
This website uses cookies.