Өлеңдінің тумасы, Әлем чемпионы Ерлан Омаровқа ауылдастары құрмет көрсетті

Өлеңді ауылының тумасы туған жеріне ат басын бұрып, жерлестерімен кездесті. Ерлан Омаров АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында көк байрағымызды көтеріп, әнұранымызды шырқатқан еді.

Қараша айының 6-7 күндері АҚШ- тың Лас-Вегас қаласында дзюдодан күрес шеберлері арасындағы әлем чемпионатында 90 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде науырзымдық Ерлан Омаров қатысып, чемпион атанған еді.


29 қараша күні Ерлан Омаров ауданымызға келіп, аудан басшысы Мәди Ихтиляпов қарсы алып, алғысын білдіріп, шапан жапты.

– Жалпы осы жарысқа Қазақстан атынан 30-ға жуық боз кілем шеберлері қатысты. Соның ішінде Әлем чемпионатында үш палуан көк туымызды көкке көтерді. Бұл жарыстағы ең мықты қарсыласым бразилиялық палуан болды. Соған қарамастан өз салмағымдағы қарсыласымды айқын басымдықпен жеңіп, көк туымызды көтеріп, әнұранымызды шырқату бақыты бұйырды. Спортшы үшін одан асқан бақыт барма. Сол сәттегі сезімді жеткізе алмаймын. Менің алғаш күреске келуіме себепкер болған, ауылымыздағы алғашқы күрес секциясын ашқан Эдик жаттықтырушым болды. Сол кісінің де, өзіндік үлесі бар, – дейді Ерлан Омаров.


Ерлан Омаров спорт кешенінде оқушылармен кездесіп, өзінің жетістіктерімен бөлісті. Әлем чемпионы болу үшін еңбек пен тәртіптің керегін жеткізді. Осы еңбек пен тәртіпті бірге алып жүрсеңдер жетістікке жететін айтып өтті.

Өзінің кіндік қаны тамған, білім нәрін алған ауылымен мектебіне келіп ауылдастарымен жүздесіп бір марқайып қалды. Ерлан Омаровқа ауылдастары ат мінгізіп, құрмет көрсетті. Ерланның Әлем чемпионы болуына өзіндік үлесін қосқан, алғаш рет күреске деген ынтасын ашқан Эдуард Долгий деген жан. Ол кісі қазіргі таңда осы ауылда тұрады.

– Ең алғаш күрес секциясын 2000 жылдары ашқан едім. Ол кезде мектепте мүлде жылу болмаған кезі еді. Бірақ, соған қарамастанда жас палуандар ынта жігермен келіп жүрді. Ерланның техникасы ерекше болды. Талпынысы жоғары, ешқашан қиындықтан қашпайтын. Ерланмен бірге қаншама шәкірттер болды. Солардың ішінде осы күрспен тастамай айналысып кетті. Бүгін шәкіртімнің жеңісіне өте қатты риза болдым. Мен Ерланмен мақтанамын. Әлем чемпионы болу оңай емес, еңбекті қажет, – дейді Ерлан Омаровтың алғашқы жаттықтырушысы Эдуард Долгий.

Жібек МЫРЗАҒАЛИ
Фотоны түсірген автор

Редактор

Поделиться
Опубликовал
Редактор

Недавние новости

Жительница села Степановка превратила свой двор в настоящий цветочный оазис

Последние пять лет во дворе у семьи Шестаковых гармонично уживаются более двух десятков видов растений.…

16 часов назад

Правило «пяти метров» в этом году стало ключевым требованием для жителей Мендыкаринского района

Отныне каждый собственник - будь то владелец частного дома, магазина или квартиры в многоэтажке -…

21 час назад

Қостанайда Кеңшілік Мырзабектің 80 жылдығына арналған әдеби-сазды кеш өтті

Ақынның мерейтойына Мемлекет басшысы құттықтау жолдады. (далее…)

21 час назад

Жангелдинде егін орағы аяқталды

Жангелдин ауданында биылғы егін жинау науқаны аяқталды. (далее…)

2 дня назад

Меңдіқарада ескерткіш жаңартылып, жаңа спорт алаңы ашылды

Қаратал ауылында ел тарихына тағзым етіп, өскелең ұрпаққа жағдай жасауға бағытталған қос нысан ел игілігіне…

2 дня назад

Қамыстыда 343 адам жұмысқа орналасты

Қамысты ауданында жыл басынан бері 343 адам жұмыспен қамтылды. (далее…)

3 дня назад

This website uses cookies.