«Лепим и Варим», «The Pitcher», «Lion lounge bar»: 2GIS қолданушылары Қостанай қаласындағы ең үздік қоғамдық тамақтану орындарын анықтады

2GIS ең танымал қалалық компанияларды анықтайтын халықаралық «2GIS сыйлығының» жеңімпаздарын атады. Қостанайда үздіктер 400 мыңнан астам геосервис қолданушысының пікірі негізінде таңдалды. Олардың қатарында қала тұрғындары мен қонақтары да бар.

Қостанайдағы қоғамдық тамақтану саласы бойынша үздіктер бес номинация бойынша анықталды: мейрамханалар, дәмханалар, кондитерлік, барлар және кофеханалар. Геосервис алгоритмі соңғы бір жылда адамдар карта мен анықтамалықтан ең көп іздеген, қоңырау шалып, хабарлама жіберген, маршрут құрған, суретке түсіріп, мақтап пікір жазған және жоғары бағалаған компанияларды анықтады.

«2GIS сыйлығының шынайы сарапшылары – қазылар да, комиссия да емес. Бұл – күн сайын қай жерде кофе ішуге, қай шаштаразға баруға, кешкі асқа не тапсырыс беруге шешім қабылдайтын қала тұрғындары. Олар өз таңдауларымен, бағаларымен және пікірлерімен сүйікті орындарына “дауыс береді”. Дәл осы нәрсе жеңімпаздар тізімін қалыптастыратын бейтарап алгоритмнің негізі болып табылады.

2GIS сыйлығы — бұл тұрғындар мен қонақтардың таңдауы әрі қай жерге баруға болатынын көрсететін жақсы көмекші. Биыл 2GIS сыйлығы көп қалаларды, оның ішінде танымал туристік бағыттарды да қамтығанына қуаныштымыз — енді жақсы беделі бар сенімді орындарды табу бұрынғыдан да тез әрі оңай. Ай сайын шамамен екі миллион адам 2GIS-те  жеңімпаз компаниялардың парақшаларын қарап, ақпарат іздейді, пікірлерін оқып, маршруттар құрады. Яғни, бұл Сыйлық тек үздіктерді анықтап қана қоймай, адамдарға күнделікті өмірде дұрыс шешім қабылдауға көмектеседі.», — дейді 2GIS компаниясының B2B-маркетинг жетекшісі Александра Гейдек.

2GIS қолданушыларының нұсқасы бойынша 2024 жылдың үздік мекемелері геосервисте арнайы белгімен белгіленген — олардың қатарында, мысалы, «Лепим и Варим» және «ProСуши» дәмханалары, «The Pitcher», «Coffee Place» және «Lune» кофеханалары, «Lion lounge bar» бары, «Paparazzi» мейрамханасы, сондай-ақ «Mali desserts» кафе-кондитерлік дүкені бар. Жеңімпаздарды табу үшін іздеу жолағына «2GIS сыйлығы» деп жазу немесе басты беттегі батырманы басу жеткілікті. Қалаған форматтағы орындарды табуға кеңестер көмектеседі. Сондай-ақ, 2GIS-те қоғамдық тамақтану орындарын іздеу кезінде сүзгіні қолданып, жеңімпаздарды оңай табуға болады.

Қостанайда «2GIS 2025 сыйлығының» иегерлері гастроиндустрия саласындағы 13 мекеме болды. Олардың қатарында 3 дәмхана, 3 мейрамхана, 3 бар, 1 кондитерлік және 3 кофехана бар. Биыл да, өткен жылдағыдай, «2GIS сыйлығын» тек қоғамдық тамақтану орындары ғана емес, сондай-ақ сұлулық, денсаулық, автокөлік қызметтері, фитнес-клубтар, гүл дүкендері мен қонақ үйлер секілді басқа салалардағы компаниялар да иеленді.

Жалпы алғанда, пайдаланушылардың белсенділігі мен компаниялардың рейтингі 2024 жылдың қорытындысы бойынша Қостанайдағы «2GIS сыйлығының» 39 лауреатын анықтауға көмектесті.

Жобаның басқа номинациялары жайлы толығырақ ақпаратты сайттан қарауға болады → https://awards.2gis.ru/

Редактор

Поделиться
Опубликовал
Редактор

Недавние новости

Тепло их очага. В доме у четы Янцен редко бывает тихо, а друзья часто приходят без предупреждения

Акушеры-гинекологи Иван Абрамович и Татьяна Федоровна Янцен известны многим в Костанае. Попасть в их семейное…

12 часов назад

Карасуский сельскохозяйственный колледж стал диалоговой площадкой для проведения масштабного областного мероприятия – Совета директоров профтехорганизаций Костанайской области

Руководители региональных колледжей обсудили новую модель патриотического воспитания и современные подходы к подготовке специалистов. (далее…)

17 часов назад

Из педагогов – в автомеханики: житель Боровского Азат Байманов сменил профессию и нашел в этом свое призвание

Азат Байманов, проработав 17 лет учителем физической культуры и спорта, принял решение кардинально сменить сферу…

1 день назад

В Узункольском районе с рабочим визитом побывал аким области Кумар Аксакалов

Поездка стала логическим завершением трудового ритма уходящего года, который был насыщенным для трудовых коллективов региона,…

2 дня назад

Педагог из Житикаринского района возглавила рейтинг конкурса «Читающая нация»

Учитель русского языка и литературы из Житикаринского района Ирина Афанасьева занимает первую строчку рейтинга республиканского…

2 дня назад

This website uses cookies.