Ұлт ұстазының ауылына қауіп төніп тұр


Жергілікті тұрғындар алаңдаулы

Жангелдин ауданы, А. Байтұрсынұлы ауылының тұрғындары қарғын судан қауіп төніп тұр деп дабыл қақты. Жағалай су ортасында қалған тұрғындардың үрейі ұшып отыр. Әлдері жеткенше су ағатын арналарды құммен бітеп, сақтық шараларына кірісуде. Тұрғындардың басым бөлігі судың бергі бетіндегі көршілес Ақкөл ауылындағы туыс-туғандарының үйлерін паналап отыр.

-Расы керек, ауыл тұрғындары тасқын судың ортасында қалды. Аудан орталығы түгілі көрші тұрған ауылға да ешқандай қатынас жоқ. Кейбір адамдар қайықпен өтіп, көрші ауылдағы туыстарының үйіне кетті. Ауылдағы ер азаматтар өздерінше қарекет жасап, қауіптің алдын алуда. Әрине, бізге төтенше жағдайлар бөлімінің көмегі ауадай қажет. 6 үй, бір шаруа қожалығының тұрғылықты үйі суға кетті. Біз ең бастысы тұрғындардың амандығы, — дейді ауыл әкімі Нұрсұлтан Байділдин.
Қарғын судың ортасында қалған шағын ауылдың шағымы жергілікті билік өкілдерінің тарапынан қолдау табады деген үміттеміз.

Байбатыр АХМЕТБЕКОВ


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31