Меңдіқара ауданында Ауған соғыс ардагерлеріне құрмет көрсетілді

 13 ақпан күні аудан тұрғындары мен Ауған соғысының ардагерлері Ауған соғысының ардагерлеріне арналған ескерткішке гүл шоқтарын қойып, қаза тапқан жауынгерлердің рухына тағзым етті.

Бұл рәсім – батырлық пен Отан алдындағы борышты дәріптеу ретінде атқарылды.

Кейіннен аудандық «Юбилейный» мәдениет үйінде Ауған соғысы ардагерлеріне арналған тағылымды іс-шара өтті. Ауған жерінен Кеңес әскерлерінің шығарылғанына  37 жыл толуына орай ұйымдастырылған бұл шара – ерлік пен елдік рухты дәріптеуге бағытталған маңызды шара болды.

Меңдіқара ауданынан Ауған соғысына барлығы 67 адам қатысқан. Өкінішке орай, бүгінгі таңда олардың тек 22-сі ғана аман. Бұл сандар – ардагерлердің ерлігі мен батырлығы ешқашан ұмытылмайтынын еске салатын маңызды дерек.

Мерекелік шарада аудан әкімінің орынбасары Әлқиса Сарбасов сөз сөйлеп, ардагерлерге алғысын білдірді.

-Бүгін біз Ауған соғысының ардагерлерін  еске алып, олардың ерлігін дәріптеу үшін жиналдық. Олар жас кезінен Отан үшін күресіп, халқымыздың тыныштығын қорғады. Ауған соғысына қатысқан әр азамат – батыр, олардың ерлігі ешқашан ұмытылмайды. Біз осындай шаралар арқылы жастарға  патриотизм мен елге деген сүйіспеншіліктің үлгісін көрсетеміз. Барлық ардагерлерге денсаулық, ұзақ өмір тілейміз, – дейді аудан әкімінің орынбасары Әлқиса Қазманұлы

Әлқиса Сарбасов бірқатар ардагерлерді аудан әкімінің Құрмет грамотасымен марапаттады. Олар: Эльман Гаджиев, Леонид Коркин, Александр Маскалов, Юрий Швыдченко.

Сондай-ақ, аталмыш іс-шарада Меңдіқара аудандық қорғаныс бөлімінің бастығы Талғаи Жанболатұлы, аудандық Ауған ардагерлерінің кеңесінің төрағасы Есентай Баимбетов, ардагерлер кеңесінің төрайымы Рысқаным Ізімова сөз сөйлеп, ардагерлерге өз алғыстарын білдірді.

Іс-шарада «Юбилейный» мәдениет үйінің өнерпаздары сахнада ән шырқап, би билеп, көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Әрбір өнер нөмірі – ауған соғысы ардагерлеріне деген құрмет пен ризашылықтың айқын көрінісі болды.

Бұл ісі-шара – батырларымыздың ерлігін еске алу мен құрмет көрсетудің ғана емес, жастарға елдің бірлігі мен татулығының құндылығын ұғындырудың да маңызы кезеңі болды.

Ақжан Байтұрсынова

Суреттерді түсірген автор

 


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31

Просмотров: 3