Меңдіқара ауданында еріктілер жұмысы жүйелі түрде дамып келеді

Меңдіқара ауданының Жастар ресурстық орталығы жанынан құрылған еріктілер қозғалысы жүйелі түрде жұмыс істеп, қоғам өмірінің түрлі саласында белсенді қызмет атқарып келеді.

Бұл қозғалыс – жастардың азаматтық жауапкершілігін арттырып, әлеуметтік мәселелерді шешуге үлес қосатын маңызды бастама.

Еріктілер өз еріктерімен, ешқандай материалдық сыйақы күтпестен Меңдіқара аудандық Жастар ресурстық орталығына келіп, аудан көлемінде өтетін әлеуметтік, мәдени және танымдық іс-шаралардың ұйымдастырылуына көмектеседі. Атап айтқанда, «Диалог алаңдары» аясында жастар мен мамандар, қоғам белсенділері арасында ашық пікір алмасулар өткізіліп, өзекті тақырыптар талқыланады. Сонымен қатар, еріктілердің қатысуымен ұйымдастырылатын «Интеллектуалдық ойындар» жастардың білімін шыңдап, логикалық ойлау қабілетін дамытуға ықпал етеді. Ал қайырымдылық концерттер арқылы әлеуметтік қолдауды қажет ететін жандарға көмек көрсетіліп, мейірімділік пен жанашырлық құндылықтары насихатталады.

Жылдың әр мезгілінде еріктілердің атқаратын жұмыстары да әртүрлі. Жаз мезгілінде олар қарт адамдардың, жалғызбасты аналардың және әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың үйлеріне барып, аула тазалау, көгалдандыру, ағаш отырғызу, қоршаған ортаны абаттандыру жұмыстарымен айналысады. Бұл өз кезегінде ауыл-аймақтың көркеюіне және тұрғындардың тұрмыс сапасының артуына септігін тигізеді.

Қыс айларында еріктілердің еңбегі ерекше байқалады. Қарлы боранды күндері олар қар күреп, отын-су мәселесінде қолдау көрсетеді: көмір мен ағаш кіргізіп береді, су тасиды, аула жолдарын тазалайды. Мұндай көмектер әсіресе жалғыз тұратын қарттар үшін үлкен демеу болып отыр.

-Еріктілік – қоғамға жанашырлықпен қызмет етудің жарқын үлгісі. Жастар ресурстық орталығы жанындағы еріктілер түрлі әлеуметтік және мәдени іс-шараларға белсене қатысып, нақты көмек көрсетіп келеді. Бұл жұмыстар жастардың жауапкершілігін арттырып, бірлік пен мейірімділікті нығайтады. Алдағы уақытта да еріктілер қозғалысын қолдап, игі істерді бірге жүзеге асыра береміз, – дейді Меңдіқара аудандық Жастар ресурстық орталығының басшының міндетін атқарушы Тұрсынай Дүйсембаева

Еріктілік қызметке көбіне Кәмшат Дөненбаева атындағы Боровской кәсіптік-техникалық колледжінің студенттері белсене қатысады. Олар оқуымен қатар қоғамдық жұмыстарға араласып, уақытты тиімді пайдалануды, жауапкершілікті сезінуді және ұжыммен жұмыс істеуді үйренеді. Жастар ресурстық орталығы еріктілер үшін түрлі оқыту кездесулерін, тренингтер мен тәжірибе алмасу шараларын ұйымдастырып, олардың әлеуетін дамытуға жағдай жасайды.

Аудандық Жастар ресурстық орталығы жанындағы еріктілер қозғалысы – қоғамдағы өзара қолдаудың, бірліктің және жанашырлықтың айқын көрінісі. Алдағы уақытта да бұл қозғалыс аудан өмірінің әлеуметтік дамуына өз үлесін қосып, игі істердің бастамашысы бола беретіні сөзсіз.

Ақжан Байтұрсынова

Суреттер мұрағаттан алынды

Редактор

Поделиться
Опубликовал
Редактор

Недавние новости

Светофоры за 5 млн тенге появится на центральной улице Аркалыка

Два светофорных объекта планируют установить по улице Байтурсынова (далее…)

7 часов назад

Торғайдың «кішкентай Сұлтаны»

Әнұран ойнағанда қолын жүрегіне қоятын төрт жасар патриот (далее…)

9 часов назад

Посевная на финишной прямой: узункольские аграрии делают ставку на будущий урожай

Финальным аккордом мая стали последние засеянные клетки полей, ставка на которые делается на осень, когда…

9 часов назад

Торғайда «Жыл үздіктері – 2026» анықталды

Жанкелдин ауданында балалар мерекесі қалай өтті? (далее…)

12 часов назад

Жанкелдинде 700-ден астам оқушы жазғы лагерьмен қамтылады

Жангелдин ауданында 2026 жылғы жазғы сауықтыру науқаны аясында оқушылардың демалысын ұйымдастыру жұмыстары қызу жүріп жатыр.…

12 часов назад

This website uses cookies.