Меңдіқара ауданында экологияны қолдауға арналған ерекше кеш өтті

Меңдіқара ауданында жастардың, жалпы аудан тұрғындарының бос уақытын тиімді ұйымдастыруға бағытталған игі бастамалар жүйелі түрде жалғасып келеді. Соның жарқын көрінісінің бірі – орталық алаңда, субұрқақ маңында дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын ашық аспан астындағы би кештері. Бұл жолғы іс-шараның ерекшелігі «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында өткізіліп, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға арналды.

Жаздың жайма-шуақ кешінде өткен «ECO DANCE – Таза Қазақстан» атты экологиялық дискотека жастардың, аудан тұрғындарының басын қосып, көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Музыка мен би, көңілді атмосфера және табиғатты қорғауға үндейтін бастамалар үйлесім тапқан кешке аудан тұрғындары белсенді қатысты. Шараның ашылуында жүргізушілер жиналған қауымды экологиялық өмір салтын ұстануға шақырып, табиғатты аялау әрбір азаматтың ортақ міндеті екенін атап өтті.

– «Таза Қазақстан» экологиялық мәдениетті дамыту тұжырымдамасы азаматтардың экология туралы білімін арттыруға, қоршаған ортаға жанашырлықпен қарау мәдениетін қалыптастыруға бағытталған. Табиғатты қорғау – тек сенбіліктермен шектелмейді. Ол күнделікті өмірден, туған жерді таза ұстаудан, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қараудан басталады. Еліміз – бәріміздің ортақ үйіміз. Сондықтан оның тазалығы әрқайсымызға байланысты. Біздің әр кешіміз түрлі тақырыптарға арналады, – дейді Жастар ресурстық орталығы басшысының міндетін атқарушы Тұрсынай Дүйсембаева.

Кештің шымылдығы көпшіліктің қатысуымен өткен әсерлі флешмобпен ашылды. Жиналғандар бір мезетте би билеп, қоршаған ортаны қорғауға үндейтін ерекше акцияға қатысты. Мұндай бастама экологиялық мәдениетті насихаттап қана қоймай, жастардың ұйымшылдығы мен белсенділігін де айқын көрсетті.

Ұйымдастырушы аудандық мәдениет үйі мен жастар ресурстық орталығы әр кештің қызықты өтуіне баса назар аударады. Олардың айтуынша, мұндай мәдени-танымдық кештердің басты мақсаты – жастардың шығармашылық әлеуетін дамыту, олардың қоғамдық белсенділігін арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау және экологиялық жауапкершілікті қалыптастыру. Бүгінде Меңдіқара ауданында орталық алаңда өтетін мұндай кештер жақсы дәстүрге айналған. Әр апта сайын ұйымдастырылатын бұл шаралар аудан жастарының, тұрғыдарының басын қосып, олардың шығармашылық бастамаларын қолдауға, бос уақытын тиімді өткізуіне және туған өлкеге деген сүйіспеншілігін арттыруға ықпал етіп келеді.

Экологиялық мәдениет пен жастар саясатын ұштастырған осындай игі жобалар алдағы уақытта да өз жалғасын табады. Себебі табиғатты аялау – бір күндік акция емес, әр адамның өмірлік ұстанымына айналуы тиіс. Ал жастардың белсенділігі мен бастамашылдығы – туған өлкенің тазалығы мен жарқын болашағының кепілі.

Айтолқын ӘБДІЛДА

Редактор

Поделиться
Опубликовал
Редактор

Недавние новости

Рамиль Фатыхов из села Перелески играет главную роль в сериале «Перваш»

История успеха у каждого своя, но самые вдохновляющие сюжеты всегда рождаются там, где сочетаются верность…

22 часа назад

Денисовский район представил свою продукцию на ярмарке в областном центре

В Костанае состоялась еженедельная сельскохозяйственная ярмарка «Дала дәмі». (далее…)

22 часа назад

Аулиекольские студенты – лучшие в Средней Азии

Они достойно защитили честь Костанайской области на международном конкурсе «AgroLeague-2026». (далее…)

23 часа назад

В Карасуском районе наградили авторов лучших работ конкурса видеороликов

В регионе состоялось награждение победителей и призёров состязательного проекта, посвящённого ценностям мира и межэтнического согласия.…

1 день назад

На ремонт трех улиц в селе Енбек выделили более 112 миллионов тенге

В селе Енбек Александровского сельского округа Костанайского района планируют отремонтировать улицы Новая, Набережная и Целинная.…

1 день назад

В Наурзумском заповеднике увеличилась численность птиц, и животных

В третье воскресенье октября в Казахстане отмечается День работников лесного хозяйства. В преддверии этой даты…

1 день назад

This website uses cookies.