Ұзынкөл ауданында 2010-2012 жылы туылған жасөспірімдер арасында асық ату және бес асық спортынан Қостанай облысының чемпионаты ұйымдастырылды.
Жарысқа облыстың түкпір – түкпірінен келген талантты жас спортшылар өз шеберліктерін сынап, ұлттық спорттың дәрежесін арттыруға өз үлестерін қосты.
Екі күнге созылған облыс чемпионатына 15 команда, соның ішінде 42 спортшы қатысып, өз ара мықтыны анықтаған болатын. Меңдіқара ауданынан облыс чемпионатына асық атудан 9 ұл бала қатысса, бес асық атудан 4 қыз бала өз бақтарын сыңады.
Чемпионат барысында қатысушылардың дәлдігі мен ептілігі сыналды. Асық ату мен бес асық ойыны – қазақтың ұлттық спорт түрлері, оларды насихаттау жас ұрпаққа патриоттық тәрбие берудің маңызды бөлігі болып саналады.
Жарыс қорытындысы бойынша Меңдіқара ауданының екі спортшысы Нұрдиас Өмірзақ пен Диас Кимбаев асық атудан ерекше нәтиже көрсетіп, өз қаңжығаларына I және II орынды байлады. Осылайша олар Қостанай облысының құрамасы сапына іріктеліп, облыс намысын Семей қаласында өтетін республикалық чемпионатта қорғайтын болады.
Меңдіқара спортшыларының жеңісі – ауданның мақтанышы. Ендігі олар республикалық додада өз өнерлерін көрсетіп, облыс атын шығаратын болады. Бұл жеңіс – табанды еңбектің, шыдамдылық пен шеберліктің жемісі.
Ақжан Байтұрсынова
Суреттер бапкерлер тарапынан ұсынылды
Юбилей, объединивший культуру и память. (далее…)
Яровой сев планируют провести на площади свыше 5,1 млн гектаров — это немного больше, чем…
«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясындағы жұмыстар жүйелі жүргізілуде. (далее…)
IV Международный театральный фестиваль-конкурс «Алға жетістікке» подарил детям море эмоций и I место. (далее…)
В данный момент на портале госзакупок ведется тендер на озеленение города. (далее…)
Биыл Қамысты ауданы бойынша қандастарды қабылдау бойынша 9 квота бөлінді. (далее…)
This website uses cookies.