Меңдіқара ауданының спортшылары Қостанай облысының чемпионатында топ жарды

Ұзынкөл ауданында 2010-2012 жылы туылған жасөспірімдер арасында асық ату және бес асық спортынан Қостанай облысының чемпионаты ұйымдастырылды.

Жарысқа облыстың түкпір – түкпірінен келген талантты жас спортшылар өз шеберліктерін сынап, ұлттық спорттың дәрежесін арттыруға өз үлестерін қосты.

Екі күнге созылған облыс чемпионатына 15 команда, соның ішінде 42 спортшы қатысып, өз ара мықтыны анықтаған болатын. Меңдіқара ауданынан облыс чемпионатына асық атудан 9 ұл бала қатысса, бес асық атудан 4 қыз бала өз бақтарын сыңады.

Чемпионат барысында қатысушылардың  дәлдігі мен ептілігі  сыналды. Асық ату мен бес асық ойыны – қазақтың ұлттық спорт түрлері, оларды насихаттау жас ұрпаққа патриоттық тәрбие берудің маңызды бөлігі болып саналады.

Жарыс қорытындысы бойынша Меңдіқара ауданының екі спортшысы Нұрдиас Өмірзақ пен  Диас Кимбаев асық атудан ерекше нәтиже көрсетіп, өз қаңжығаларына I және II орынды байлады. Осылайша олар Қостанай облысының құрамасы сапына іріктеліп, облыс намысын Семей қаласында өтетін республикалық чемпионатта қорғайтын болады.

Меңдіқара спортшыларының жеңісі – ауданның мақтанышы. Ендігі олар республикалық додада өз өнерлерін көрсетіп, облыс атын шығаратын болады. Бұл жеңіс – табанды еңбектің, шыдамдылық пен шеберліктің жемісі.

Ақжан Байтұрсынова

Суреттер бапкерлер тарапынан ұсынылды

Редактор

Поделиться
Опубликовал
Редактор

Недавние новости

«Караван правовой помощи» продолжает выезды по Костанайской области

Очередной выезд «Каравана правовой помощи» состоялся в Аркалыкский, Джангельдинский и Амангельдинский районы. Специалисты несколько на…

16 часов назад

Почти 800 млн тенге вложили в переработку отходов в Рудном

В 2025 году в Рудном реализовали два инвестиционных проекта по сортировке и переработке отходов. (далее…)

20 часов назад

Торғайдың талай тарланын түлеткен Тәуіште жаңа спорт кешені ашылды

Жангелдин ауданының Жаркөл ауылдық округіне қарасты Тәуіш ауылында жаңа спорт-сауықтыру кешені ашылды. (далее…)

2 дня назад

Қарасулық бастауыш кәсіподақ ұйымы үздіктер қатарында

Қазақстанда жыл сайын 10-қазанда кәсіподақтар күнін атап өтеді. (далее…)

2 дня назад

«Торғай қызы» әніне арқау болған Күнжамила Есекейқызы – 90 жаста

Жангелдин ауданында елге сыйлы ардақты ана, «Торғай қызы» әніне арқау болған Күнжамила Есекейқызының 90 жылдық…

2 дня назад

This website uses cookies.