Меңдіқара ауданының тұрғыны Жұмабике Ақанаева «Офицердің анасы» төсбелгісімен марапатталды

 Жұмабике Әбілкәрішқызы 1938 жылдың мамыр айында Ресей Федерациясына қарасты Қосалап ауылында дүниеге келген.

Бүгінде сексеннің бесеуінен асқан, бақытты ана, аяулы әже. Жүзінен жылулық ескен мейірімді жан.

Марқұм жұбайы Қариолла Ақанаевпен 1955 жылы шаңырақ көтеріп 8 баланы дүниеге әкеліп, бақытты да баянды ғұмыр кешіп, перзенттерін  қатарынан қалдырмаған көрінеді. Алтын құрсақты ана бүгінгі таңда 8 баладан 21 немере, 19 шөбере сүйіп, қызығын қызықтауда.

Жұмабике әжеміздің ортаншы ұлы Тоқтар  Қариоллаұлы Қазақстан Республикасының фельдъегерлік қызметінде жұмыс жасайды. Қызмет барысындағы әріптестері Тоқтар Қариоллаұлының жұмыстағы үздік нәтижелері мен адал еңбегі үшін анасы Жұмабике Әбілкәрішқызына үлкен құрмет көрсетіп,    «Офицердің анасы» медалі мен куәлігін тарту етті.

Марапатты ұлы Тоқтар анасының кеудесіне өзі тағып, ана үмітін ақтады десек артық айтпаған болармыз. Жиынға аудандық “Amanat” партиясы Меңдіқара аудандық филиалының хатшысы Алла Узбекова мен Ардагерлер кеңесінің басшысы Рысханым Ізімова, Меңдіқара аудандық Аналар кеңесінің төрайымы Алтыншаш Есетова қатысқан болатын.

Алтын құрсақты анамыз Совет одағы кезінде «Материнская слава», кейіннен 2010 жылы өзіміздің  Қазақстан Республикасының марапаты «Алтын алқаны» кеудесіне таққан екен.

Ақжан Байтұрсынова


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31