Меңдіқарада жас дзюдошылар белдесті

Боровское ауылында 2011–2012 жылдары туған жасөспірімдер мен қыздар арасында дзюдодан ашық облыстық турнир өтті.

Дүбірлі додаға Қостанай облысының әр өңірінен 8 команда құрамында 120 жас спортшы қатысып, өзара мықтыны анықтады.

Турнирге Қостанай ауданы, Қостанай қаласы, Лисаков, Рудный қалалары, Қарасу, Қарабалық, Әулиекөл және Меңдіқара аудандарының жас дзюдошылары қатысты. Қыздар 7, ұлдар 8 салмақ дәрежесінде белдесті. Жарыстың мақсаты – жасөспірімдер арасында дзюдоны дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау, спортшылардың шеберлігін шыңдау және болашақ спорттық резерв қалыптастыру.

Турнирдің құрметті қонағы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Жәнібек Жұрқабаев жас балуандардың белдесуін тамашалап, спортшыларға сәттілік тіледі. Сонымен қатар Меңдіқара ауданының бірқатар спортшыларына спорт шеберлігіне кандидат куәліктерін табыстады.

Жарыста Боровское ауылының жас спортшысы Никита Половников ерекше көзге түсіп, өз салмағында бірінші орын иеленді. Ақтық белдесуде ол Рудный қаласының облыс чемпионы атанған тәжірибелі спортшысын жеңді. Бұған дейін бірнеше рет қарсыласынан ұтылған Никита бұл жолы табандылық танытып, жеңіске жетті.

Жергілікті жаттықтырушы Алексей Шевченконың айтуынша, Боровское ауылында дзюдоның дамуына ерекше көңіл бөлініп келеді. Жас спортшылар оқу-жаттығу жиындары мен түрлі деңгейдегі жарыстарға тұрақты қатысып, тәжірибе жинақтауда. Олар Өзбекстанның Шыршық қаласында, Екатеринбург пен Түменде өткен оқу-жаттығу жиындарына қатысқан.

Боровское мектебінің тағы бір тәрбиеленушісі Юлия Медведева де жақсы нәтижелерімен қуантады. Ол Қарағандыда өткен Қазақстан чемпионатында өз салмағында 5-орынға ие болған. Қазір ауданның жас дзюдошылары алдағы жарыстарға дайындалып жатыр. Қазақстан чемпионатында Меңдіқара ауданының намысын Саодат Алиева мен Юлия Медведева қорғайды.

Мұндай жарыстар жас спортшыларға тәжірибе жинап, жеңілістен сабақ алуға, қарсыласын құрметтеуге және жеңіске ұмтылуға мүмкіндік береді. Бүгінгі татамиде шыңдалған жас балуандардың ертең облыс, республика және халықаралық деңгейдегі додаларда ел намысын қорғайтын спортшылар қатарынан көрінуіне мүмкіндік мол.

Айтолқын ӘБДІЛДА

Суреттерді аудандық спорт бөлімі ұсынды

Редактор

Поделиться
Опубликовал
Редактор

Недавние новости

Науырзымдық Вера Романчук облыстық байқауда жеңімпаз атанды

Тазалық пен тәртіп – қоршаған ортаға деген құрметтің көрінісі. (далее…)

9 часов назад

Школьники Денисовского района выступили на областном форуме «Жас көшбасшылар – заңды қоғамға!»

Формирование правового государства и воспитание ответственных, активных граждан — стратегические ориентиры, о которых неоднократно подчеркивает…

11 часов назад

Сарыкөл ауданының әкімі жастарға кітап сыйлады

«Кітап оқитын ұлт» идеясы аясында жас ұрпаққа туған өлкенің тарихын танытуға бағытталған игі бастама жүзеге…

11 часов назад

Денисов ауданының параспортшысы Азия Пара ойындарына қатысуда

Денисов ауданының параспортшысы Светлана Иржанова Жапонияның Аичи-Нагоя қаласында өтіп жатқан Азия Пара ойындарында Қазақстан құрамасының…

11 часов назад

Қамысты ауданының оқушылары облыстық жас көшбасшылар форумына қатысты

Қостанай ауданындағы №1 Заречный жалпы білім беретін мектебінде Республика күніне орай және «Заң мен тәртіп»…

11 часов назад

Қамысты өңірі: Арқа ауылы үздік ауыл атанды

«Үлгілі ауыл – Лучшее село» облыстық байқауында Арқа ауылы «Үздік ауыл» аталымында жеңімпаз атанды. (далее…)

1 день назад

This website uses cookies.