Меңдіқаралық тұрғын Гүлжан Нұрмұхамбетова – өз шаңырағының шырағы

«Ана бір қолымен бесікті тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді», – деп бекер айтылмаса керек.

Әйел – ана – отбасында аяулы жар, ардақты ана. Жанұясын мейірім мен шуаққа бөлейтін ерекше жан.

Отбасы татулығы мен бала тәрбиесін жоғары қойып, отбасы құндылықтарына ерекше көңіл бөлетін жанұя – Нұрмұхамбетовтар отбасы. Бұл отбасында бес ер азаматының әрқашан назарында, сыйластығы мен мейірімдеріне бөленіп, отбасының берекесі мен қызметін қоса алып жүрген адал жар, бақытты аналардың бірі деп Гүлжан Нұрмұхамбетованы айта аламыз.

Гүлжан Амангелдіқызы жолдасы Мейір ағамызбен 2006 жылы Рудный музыкалық колледжінде танысып, 2010 жылы шаңырақ көтерген. Бүгінде олар төрт ұлдың ардақты да аяулы ата-анасы.

– Жұбайыммен колледж қабырғасында танысқан болатынбыз. Сол уақытта мен 1 курс, ол 3 курс студенті еді.  Біраз уақыт достасып, кездесіп, 2010 жылы өз шаңырағымызды құрдық. Кейіннен 2011 жылы дүниеге тұңғыш ұлымыз Мансұр дүниеге келіп, шаңырағымыз шаттыққа бөленді. Бүгінде Мансұр – біздің қолқанатымыз, артынан ерген бауырларына қамқор, жауапкершілігі мол азамат болып өсіп келеді. Екінші ұлымыз – Мирас, 2015 жылы дүниеге келді. Ағасынан үлгі алып, өсіп келеді. Үшінші ұлымыз Санжар 2016 жылы дүниеге келді. Қимылы ширақ, ойын баласы болса да інісіне қамқор, әрдайым ойнатып, көңілін аулап жүреді. Кенже ұлымыз Ерасыл 2021 жылы дүние есігін ашты. Ерасыл – үйдің еркесі, ағаларының ортасында еркелеп  жүрген кішкентайымыз. Ұл балалардың анасы болу мен үшін үлкен бақыт. Ұлдарымыздың тәрбиесіне көбінесе жұбайым қатты атсалысады. «Әке көрген оқ жонар» демекші, балаларды өзіме жақын тартсамда, әрдайым әкенің орны, дәрежесі жоғары екенін кішкентай кездерінен айтып отырамын. Бүгінде ұлдарымыз әкелеріне өте жақын, әр кез үлгі алып, әкелеріне қарап бой түзеп өсіп келеді, – дейді Гүлжан Амангелдіқызы

Аяулы жар, ардақты ана Гүлжан Нұрмұхамбетованың бес ер азаматы әр мереке сайын гүл шоқтары мен сыйлықтарын сыйлап, анасын қуантып отыратын көрінеді.

-Балаларым 8 наурыз мерекесі жақындаған уақытта әкелерімен ақылдасып, өз сыйлықтарын дайындайды. Өздері қолдан түрлі ашық хаттар, гүлдер жасап қуантатыны да бар. Мереке, туған күн сайын үйдегі ер азаматтарым  маған ешнәрсе жасатпай, бар тірлікті өз мойындарына алады. Балаларымызды кішкентай кездерінен жұбайым екеуіміз еңбекке баулыдық. Мерекеден бөлек күнделікті күйбең тіршілікте ұлдарым біреуі әкесіне көмектессе, біреуі маған көмектеседі. Бір-біріміен үй шаруаларын бөлісіп алып, әрдайым маған қолғабыс болады. Бірінің соңынан ере жүріп, даланың да, үйдің де шаруасын бірге жүріп жасап тастайды десем артық айтпаған болармын, – дейді Гүлжан Амангелдіқызы.

Бүгінгі біздің кейіпкеріміз өз шаңырағының түтінін түтетіп, берекесі мен мерекесін келтіріп, сонымен қатар қызмет жолында қатар алып жүрген үлгілі ана. Жұбайы Мейір ағамызбен бірге аудан орталығында орналасқан өнер мектебінде адал қызмет атқарып, талай шәкіртті домбыра, жетіген аспаптарына баулып жүрген өнегелі ұстаздар. Бүгінде үш ұлы ата – анасының өнерін жалғастырып, бірге сахнаға шығып, өз өнерлерін көрерменге паш етуде.

Құрметті ардақты әжелер, аяулы аналар, қыз-келіншектер сіздерді халықаралық 8 наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз. Көктемнің гүліндей құлпырып, әсемдіктің, әдеміліктің, әдептіліктің иесі болып, бақытты да баянды ғұмыр кешулеріңізге тілектеспіз!

Ақжан Байтұрсынова

Суреттер мұрағаттан алынды

Редактор

Поделиться
Опубликовал
Редактор

Недавние новости

Почти 2 миллиона сельхозживотных вакцинировано от ящура в Костанайской области в 2025 году

Соответствующие данные опубликовали на сайте Управления ветеринарии региона. (далее…)

31 минута назад

Меңдіқаралық боксшы Амина Сапарбаева Қазақстан чемпионатының жүлдегері

25 ақпан мен 2 наурыз аралығында Қызылорда қаласында 2012 жылы туған қыздар арасында  бокстан Қазақстан…

1 час назад

В Узункольском районе идёт интенсивная уборка снега

Как говорят старожилы Узунколя, такого марта в их стороне уже давно не наблюдали. (далее…)

1 час назад

В Наурзумском районе подготовка к весенним полевым работам идет полным ходом

Яровой сев планируется провести на общей площади 269,4 тысячи гектаров. (далее…)

1 час назад

Ауылдан – сахнаға: Торғайдан өркен жайған талант

Көпқырлы өнерпаз Фариза Бүркітбай жайлы. (далее…)

1 час назад

Какова заболеваемость гриппом в разрезе городов и районов Костанайской области?

Всего за текущий год зарегистрирован 21 случай гриппа в регионе. (далее…)

3 часа назад

This website uses cookies.