Қамысты ауданында «Мектепке жол» акциясы бастау алды.
Қазір мектепке дайындық қызған шақ. Аудан орталығында тұратын көп балалы отбасы — Уәлихан Нұрпейісовтың жанұясы. Қазір мектеп формасынан бастап, бастан-аяқ бір баланы киіндіруге қыруар қаржы кететінін айтады.
-Біз 4 бала тәрбиелеп отырған көпбалалы отбасымыз. Өзім тұрақты жұмыста жоқпын. Көтерме жұмыс кездескен жағдайда жұмыс жасаймын. Аружан, Назым есімді қыздарым Алматыда ЖОО-да оқитын студенттер. Жарқын 3 сыныпқа, Айдана 1 сыныпқа барады. Студенттерге кететін қаржыны айтпағанда мектепте оқитын бір баланың өзіне қыруар ақша кетеді. Атап айтсақ: блузка-7000_10000, пиджак-10000, сарафан-7000, юбка- 8000, туфли-10000-15000, бантик-1-2 мың; ал оқу-құралдары: оқулықтары 10000-15000, дәптер, қалам, қарындаш, пенал, қайшы, фломастер, альбом, күнделік, түрлі түсті қағаз, түрлі түсті қарындаш, өшіргіш, ұштағыш, акварель, т. б қажет заттарға 30000, рюкзак-8000-10000 теңге кетеді. Осыны есептеп қарасақ, 2 студент, 2 оқушыға отбасымыздың қаражаты жетіспейді.
Осы жайымызды ескеріп,«Мектепке жол» акциясымен республикадан оқушыларға деп бөлініп жатқан қаржыдан менің балаларыма да үлес беріле екен, – дейді көп баланың әкесі Уәлихан Нұрпейісов.
Ауданның білім беру саласында 12 жалпы білім беретін мектеп бар. Оның ішінде 8 орта және төртеуі негізгі. Жалпы білім алушылар саны — 1403 адам. «Мектепке жол» акциясы жылда ұйымдасқан түрде өтеді.
Биыл жаңа оқу жылына дайындық ерте бастан басталды. Биыл екі мектепте 7,2 млн теңге сомасында жылу жабдығы ауыстырылды. Сондай-ақ, 50,3 млн теңге сомасына 8 нысанға ағымдағы жөндеу жүргізілді. Білім беру мекемесінің материалдық-техникалық базасын 21,1 млн теңге сомасына нығайту жүргізілді. «Ауыл — ел бесігі» жобасы аясында өткен жылы Қарабатыр жалпы білім беретін мектебіне жалпы сомасы 453,6 млн теңгеге екіжылдық күрделі жөндеу жобасын іске асырылуда. Қазіргі таңда жөндеу жұмыстары 65 % аяқталды. Қыркүйек айына дейін тапсырылу жоспарланған.
Шұға Қоңқабай
Жуырда ғана қаралған істердің бірінде азамат жұбайына қатысты жүйелі түрде балағаттап, қол жұмсағаны үшін әкімшілік…
В первом квартиале этого года на территории нашего района произойдут значительные изменения в системе контроля…
Первое возгорание произошло в селе Челгаши, где огнём уничтожена половина жилого строения. (далее…)
Қарасу ауданының орталығында «Шапағат» клубы өз жұмысын бастады. (далее…)
Жанкелдин ауданының әкімі Дінмұхамед Бидашевтің төрағалығымен Торғай ауылында халыққа есеп беру жиыны өтті. (далее…)
Меңдіқара аудандық Жастар ресурстық орталығы мен Төтенше жағдайлар бөлімі өзара ынтымақтастықты нығайту мақсатында меморандумға қол…
This website uses cookies.