Әмина Төлеміс мектепішілік байқауда топ жарды

 «Тұлпар мініп, ту алған!» жобасының жеңімпазы аудандық кезеңге жолдама алды.

А.Қоңқабаев атындағы жалпы білім беретін мектебінде 5-11 сынып оқушылары арасында облыстық «Тұлпар мініп, ту алған!» байқауының мектепішілік кезеңі өтті.

Мектеп оқушылары арасында өткен байқау өскелең ұрпақтың халық поэзиясына, қазақтың рухани асыл мұрасына деген қызығушылығын оятып, патриотизмге тәрбиелеу және елдік пен ерлік рухын дәріптеп, намысшылдық, қайсарлық қасиеттерге баулуды мақсат тұтады.

Байқауға мектеп бойынша 43 оқушы қатысты. Олардың ішінде эпостық жырды мүдірместен судыратып оқығандары да, әдемі мақаммен, әртістік қабілетін көрсеткендер де, тіпті әуенге салғандар да болды.

«Себебі жобаның мақсаты – қазақ ауыз әдебиетінің алтын өзегі батырлар жырын жастар арасында дәріптеу, өскелең ұрпақтың ұлттық рухын көтеріп, жігерін жану. Елдік пен ерлік, әділдік пен шыншылдық, батырлық пен жанашырлық секілді асыл қасиеттерді жастардың бойына дарыту», – дейді А.Қоңқабаев атындағы жалпы білім беретін мектебінің директоры Мейрамғали Қоңқабаев.

Байқау үш кезеңде өткізілді. Қазылар алқасы қатысушылардың орындау шеберлігін, сахнадағы мінез-құлқын, шығармашылық және интеллектуалды қабілеттерін жан-жақты бағалап, ұсыныстарын жеткізді. Бірінші орынды осы мектептің 10 сынып оқушысы Әмина Төлеміс иеленді. Екінші орындарды 10-сынып оқушысы Жұлдыз Кәдіржан, 7 сынып оқушысы Диана Сапарғали, 5 сынып оқушысы Айшабибі Серкеш өзара бөлісті. Үшінші орынды 9 сынып оқушысы Кәусар Нұрман, 7 сынып оқушысы Айсәуле Әлібек, 6 сынып оқушысы Нұрмұханбет Демесін иеленді.

Байқау нәтижесі бойынша ең жоғары ұпай алған Әмина Төлеміс аудандық кезеңге жолдама алды.

Шұға ҚОҢҚАБАЙ
Сурет А.Қоңқабаев атындағы ЖББМ алынды


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31

Просмотров: 4