Наурыз мерекесі көпұлтты халқымыздың ортақ мерекесі

«Көктемнің сыйлап жылуын, Әлемнің жырлап ән-күйін» демекші, үш мыңжылдық тарихы бар Наурыз мерекесі Қазақстанға келіп-жетті.

14 наурыз – Наурыз мерекесінің алғашқы Көрісу күні. Әр отбасында, ұйым мен мекемелерде, тіпті жай көшеде өтіп бара жатқан халайық бір-бірімен жай ғана амандасып қоймай, көрісіп, бір-бірінің амандығын сұрап, жүректерінен шыққан тілектерін айтып жатты. Бұл көне дәстүр атабабаларымыздың ұзақ ауыр қыстан аман-есен ш ығып, бір-бірін көріп, амандығына қуана жасаған әрекеттері еді. Бүгінгі күні көшелерде, мектептер мен мекемелерде ұлттық киімдермен жүрген жасересектерді көре отырып, көңілің өзінен-өзі-ақ нұрға бөленеді екен.

– Маған қазақ халқының ұлттық киімі қатты ұнайды. Біз оқушыларымызбен бірге ұттық киімді әр жұмада мектепте киіп жүреміз. Бірақ мен оны күнде киемін, себебі менің ойымша қазақ қамзолдары кез-келген киіммен жарасады, – дейді Кәмшат Дөненбаева атындағы мектептің мұғалімі Анна Сергеевна Мишура.

Наурыз тек ойын-той емес. Наурыздың екінші күні – Қайырымдылық жасау күні. Бұл күні үлкендікішілі ауылдастар далаға шығып, сенбіліктер ұйымдастырып, ауыл ішіндегі қарларды күреп, жердің тезірек қар құрсауынан босауына екпінді әрекеттер етеді. Қариялардың үйлеріне барып, аулаларын тазартады. 15 наурызда Сокол ауылының еріктілер тобы ауылдарында тұратын Любовь Николаевна Бутакова, Валентина Кирилловна Козлова сынды педагог-ардагерлердің үйлеріне барып, ауласын қардан тазартуға көмектесіп, қарт педагогтердің алғысына бөленді.

– Біздің еріктілер Наурыз мерекесінде ғана емес, үнемі ауылдағы зейнет жастағы тұрғындарға қажетті көмектерін беріп отырады, – дейді Обаған жалпы білім беретін мектебінің директордың тәрбие жөніндегі орынбасары Бакыт Уразбекова. Отбасы, Шаңырақ күнін Сатай ауылының тұрғындары да көңілді өткізді. Олар өздерінің отбасында бірігіп жасап жатқан әрекеттерін бейнетаспаға түсіріп, жұртшылықпен бөлісті. Әр шаңырақ астында бейбітшілік пен қуаныш болсын, бақыт пен мейірімге толы болсын деген тілектер айтылып жатты. Әрбір отбасының өзіндік салтдәстүрлері бар. Наурыз мерекесі көпұлтты халқымыздың ортақ мерекесі. Осы күндері салт-дәстүрлеріміздің үйлесімділігін, бірізділігін, ортақтығын әбден көре аламыз. Сондықтан көпұлтты еліміздің ынтымағы мен бірлігі арта берсін, ағайын!

Бақытжамал ДАРКЕНОВА

Редактор

Поделиться
Опубликовал
Редактор

Недавние новости

В Карасу в рамках проекта «Профилактика буллинга среди обучающихся школ» состоялись две встречи: в центральной библиотеке и отделе полиции

Участники разбирали реальные ситуации, учились отличать травлю от обычного конфликта и говорили о признаках, по…

3 часа назад

За 40 лет во дворе жительницы Наурзумского района цвели более 80 видов цветов

Цветы во все времена были настоящим украшением любого сельского двора. (далее…)

3 часа назад

Өнерге өріс берген тағылымды сапар

Соналы ауылының мәдени өмірін жандандырып, өнерпаздарға тәжірибелік қолдау көрсету туралы ауыл ақсақалы Қаппас Бекмағанбетовтің өтініші…

4 часа назад

В Костанайской области определили участки, где можно заниматься старательством

Акимат области утвердил территории, на которых разрешат самостоятельно добывать драгоценные металлы. (далее…)

20 часов назад

Подведены итоги конкурса «Бір минут – бір таңдау» в Узункольском районе

В районном доме культуры состоялся Форум, где подвели итоги конкурса короткометражных роликов по профилактике…

21 час назад

This website uses cookies.