Науырзым ауданы: Ел болашағына бейжай қарамаған жандар
Шолақсай ауылындағы №650 сайлау учаскесінде үйден дауыс беру мүмкіндігін пайдаланған екі азамат өз таңдауын жасады.
Алдын ала өтініш білдірген тұрғындардың үйлеріне сайлау комиссиясының мүшелері арнайы барып, дауыс беруге арналған бюллетень жәшігін жеткізді. Солардың қатарында 91 жастағы ақ жаулықты әже мен осал санаттағы азамат бар. Жасы үлкендігіне және денсаулық жағдайына қарамастан, ел өміріндегі маңызды саяси науқаннан шет қалмай, өз азаматтық құқықтарын жүзеге асырған тұрғындар ел болашағына бейжай қарамайтындықтарын көрсетті.

91 жастағы кейуананың өз таңдауын жасауы – кейінгі буынға үлкен өнеге. Бұл – ел тағдырына деген жауапкершіліктің, азаматтық белсенділіктің айқын көрінісі.
-«Жасым 91-ге келсе де, елдің ертеңіне бейжай қарамаймын. Үйге келіп, дауыс беруге мүмкіндік жасаған сайлау комиссиясының мүшелеріне ризамын. Өз таңдауымды жасап, азаматтық борышымды орындадым. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын. Жастарымыздың болашағы жарқын болғай. Әр шаңыраққа береке, елімізге бірлік тілеймін», – дейді кейуана Любовь Пригодюк.
Әрбір дауыс – ел ертеңіне деген сенім мен азаматтық жауапкершіліктің көрінісі.
Жібек МЫРЗАҒАЛИ
Суретті түсірген автор
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31