Денсаулық – қоғамның ең қымбат байлығы.
Осы қағиданы басты ұстаным еткен «Науырзым аудандық ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны тұрғындарға сапалы әрі қолжетімді медициналық көмек көрсету бағытындағы жұмыстарын жүйелі жалғастырып келеді.
Бүгінде аудандық ауруханада медициналық қызметтің сапасын арттыруға, профилактикалық шараларды күшейтуге және заманауи цифрлық жүйелерді енгізуге ерекше көңіл бөлінуде. Материалдық-техникалық база жаңартылып, жаңа диагностикалық құрал-жабдықтармен толықтырылса, жас мамандарды ауылға тарту жұмыстары да өз нәтижесін беріп келеді.
Аурухана ұжымы аурудың алдын алуға басымдық беріп, тұрғындарды скринингтік тексерулермен қамту, шалғай ауылдарға медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру бағытында тұрақты жұмыс жүргізуде. Бұл – халық денсаулығын нығайтып, өмір сапасын жақсартуға жасалған маңызды қадамдардың бірі.
– Халық денсаулығы – біздің ең басты жауапкершілігіміз. Әрбір тұрғынның сапалы әрі уақытылы медициналық көмек алуына барлық жағдайды жасауға күш салып келеміз. Алдағы уақытта да заманауи технологияларды енгізіп, медициналық қызметтің сапасы мен қолжетімділігін арттыру бағытындағы жұмыстарды жалғастырамыз, – дейді аудандық аурухананың бас дәрігері Гүлжихан Сәтмағанбетова.
Халық игілігі жолындағы жүйелі жұмыстар алдағы уақытта да өз жалғасын тауып, аудан тұрғындарының денсаулығын нығайтуға қызмет ете бермек.
Жібек МЫРЗАҒАЛИ
Суретті түсірген автор
Тілді құрметтеу – ұлтты құрметтеу (далее…)
Данная комплексная межведомственная акция направлена на профилактику безнадзорности, правонарушений в подростковой среде и на защиту…
Аким Сарыкольского района Марат Шымырбеков встретился с юными робототехниками Ксенией Чиханцовой и Егором Костериным, которые…
Все желающие смогут посетить его в назначенное время для того, чтобы задать интересующие вопросы представителям…
В Костанае состоялся шахматный турнир GOVERNMENT CHESS CUP. (далее…)
Орташа өнімділік гектарына 13 центнер. (далее…)
This website uses cookies.