Ұлттық құндылықтарды дәріптеуді мақсат еткен бұл шара жыл сайын өз жалғасын тауып келеді. Фестиваль барысында ауылдың ақ жаулықты аналары мен шебер келіндері бауырсақтың сан түрін пісіріп, өзара бақ сынады.
Аталған байқауда Қожа ауылынан келген Тапалова Гулжахан бауырсақтың 35 түрін дайындап әкеліп, өзінің шеберлігін дәлелдеп, жүлделі І орынды иеленді. Қазылар алқасы бауырсақтың санына, тағамның дәмі, сапасы, сыртқы көрінісі мен ұсынылуына жоғары баға берді.
Мерекелік шарада әннен шашу шашып көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Қонақтар бауырсақтың сан түрінен дәм татып, ұлттық дәстүрдің мәнін терең сезінді.
– «Алтын бауырсақ» фестивалін өткізудегі басты мақсатымыз – ұлттық тағамдарымызды дәріптеп, ұмыт бола бастаған дәстүрлерді қайта жаңғырту. Биылғы шараға қатысушылар ерекше дайындықпен келіп, өз шеберліктерін жоғары деңгейде көрсетті. Әсіресе, Қожа ауылынан келген қатысушының бауырсақтың 35 түрін ұсынуы көпшілікті тәнті етті. Мұндай фестивальдер ауыл тұрғындарының бірлігін арттырып, жас ұрпаққа ұлттық құндылықтарды насихаттауда маңызды рөл атқарады. Алдағы уақытта бұл игі бастаманы дәстүрлі түрде жалғастыра береміз, дейді ұйымдастыру комитеті.
Дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын бұл фестиваль халықтың бірлігін нығайтып, ұмыт бола бастаған салт-дәстүрлерді жаңғыртуға зор ықпал етуде.
Жібек МЫРЗАҒАЛИ
Фотоны түсірген автор
Ауданымызда Ұлыстың ұлы күні – әз Наурыз мейрамы жоғары деңгейде аталып өтті. (далее…)
Наурыз мейрамы аясында ауданымызда ұлттық спорттың көркі саналатын ат жарысы жоғары деңгейде ұйымдастырылып, көрермендерге ерекше…
Киіз үйлер тігіліп, ұлттық ойындар ұйымдастырылды (далее…)
Бүгінгі ауқымды мерекелік іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, аудан тұрғындары мен қонақтарына ерекше көңіл-күй сыйлады (далее…)
Коллектив Узункольского управления государственных доходов и в праздничные дни старается совместить приятное с полезным, потому…
Дәмді ауылында Ұлыстың ұлы күні – әз Наурыз мейрамы кең көлемде ұйымдастырылып, жоғары деңгейде аталып…
This website uses cookies.